2017 жылдың үшінші тоқсанында «Кселл» желісінде интернет трафик 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 65% өсті. 2017 жылдың шілде айы мен қыркүйек аралығында Kcell және Activ абоненттері 50 млн. астам ГБ мобильді интернет пайдаланды.
Осы кезеңде тек 4G желісінің өзінде ғана 17 млн. асатын ГБ интернет-трафик пайдаланылды. Бұл ретте, ең жоғары жылдамдық 77 Мбит/сек Түркістан қаласында тіркелді.
«Үшінші тоқсанда біздің жұмысымызда бірқатар негізгі көрсеткіштердің өсімі байқалды, оның ішінде деректерді табыстау қызметінен түсетін кіріс 11,5% ұлғайды. Біздің желіде интернет пайдалану қарқынды түрде дамып келеді. Өз клиенттеріміздің күткен сеніміне сәйкес болу үшін төртінші буын желісін дамытудың негізгі артықшылықтарын қалдыра отырып, сандық түрлендіргіш бағдарламасын одан әрі іске асыруды жалғастыра береміз», — деп атап өтті «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры Арти Отс.
Үшінші тоқсанда 4G интернетке 11 қаланың: Талдықорған, Ақтөбе, Орал, Хромтау, Құлсары, Рудный, Зыряновск, Талғар, Теміртау, Балқаш тұрғындары және Затобольск кентінің халқы қосылды. «Кселл» компаниясының желісінде 4G/LTE жылдамдығы жоғары интернет желісі іске қосылған сәттен бері Қазақстанның 32 қаласы мен екі елді-мекені пайдалануда.
Алматы, Талдықорған, Астана, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Жаңаөзен, Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларында 4G+ (LTEAdvanced) желісі іске қосылды. 4G+ ең басты артықшылығы — деректерді табыстау жылдамдығы өсті, 4G желісіне қарағанда біріктірілген жиіліктердің көлемі мен жалпақтығына байланысты жылдамдық 2 есеге жоғары.
2017 жылдың үшінші тоқсанында «Кселл» компаниясының желілер сапасын тексеру үшін драйв тестілер Есік қаласында, Шонжы, Қапшағай, Шілік, Жаркент, Құлан, Сарыкемерде, Шу, Ақсукент, Қарабұлақ, Момышұлы, Кентау, Сайрам және Түркістанда жүргізілді. Тестілеу бағытының ұзындығы 700 шақырымды құрады. Жүргізілген тестілер күрделі аймақтарды анықтауға және оларда желінің сапасын көтеру жұмыстарын түзетуге мүмкіндік береді.