Осымен бірнеше ондаған жыл бойы қараша айы қазақстандық БАҚ өкілдері үшін маңызды оқиға — дәстүрлі Меdia Құрылтаймен мерекеленіп келеді. «Кселл» компаниясы төртінші жыл оның серіктесі болып отыр.
Media Құрылтай — бұл БАҚ өкілдері, билік пен бизнес арасында пікір алмасатын дискуссия алаңы.
Мерейтой құрметіне орай, ұйымдастырушылар өзінің барлық бұрынғы әріптестерін, соның ішінде «Кселл» компаниясын да ескергенін айта кетейік. «МеdiaҚұрылтай байланысшысы» құрметті атағын және естелік сыйлықты ұйымдастырушылар «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің басшысы Наталья Еськоваға тапсырды.
Алаңның бірегейлігі сол, оның ұйымдастырушылары республиканың бұқаралық ақпарат құралдарының барлық спектрінің өкілдігін қамтамасыз етуге тырысады. Бір залда мемлекеттік және жеке меншік басылымдардың басшылары, республикалық және аймақтық БАҚ, бейінді министрлік шенеуніктері бас қосады.
Биылғы жылғы конференцияның негізгі тақырыбы: «Медиа нарығы: жүйелік өзгерістер және жаңа пайымдар іздеу». Атап айтқанда, MediaҚұрылтай қатысушылары медиа-нарықтың даму трендінің еліміздің жалпы экономикалық және саяси жүйесіне әсерін талқылады. Сонымен қатар, параллель сессия барысында БАҚ құнын арттыру және инвесторларды тарту, сондай-ақ медиа индустриядағы білім рөлі туралы талқылау жасады. Конференция аясында қатысушылар үшін «Түсіндірме журналистика», «Жаңалықтарды қалай сәтті жасауға болады?», «Жасанды жаңалықтар дәуірінде журналистік стандарттар» шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Күннің екінші жартысында конференцияға Қазақстан Республикасы Көлік және ақпарат министрі Дәурен Абаев келді, журналистер және басқа да конференция делегаттары тарапынан қойылған бірқатар толғандыратын мәселелер жөнінде сұрақтарға жауап берді.
«Осымен төртінші жыл бойы біздің компания MediaҚұрылтайға қолдау көрсетіп келеді. Конференция бірегей алаң болып табылады, онда пікір алмасу және пікір таластыру арқылы қазақстандық медиа — нарықты дамыту үшін оңтайлы шешімдерді табуға болады. Жалпы, МеdiaҚұрылтаймен серіктестіктің біз үшін дәстүрге айналғанын атап өткім келеді», — дейді «Кселл» АҚ коммуникация бөлімігің басшысы Наталья Еськова.
Биылғы конференцияға жалпы алғанда Қазақстанның әр түкпірінен 200 делегат қатысты.