Алматы, 2017 жылғы 14 желтоқсан — «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Компания», LSE, KASE: KCEL), нарықтағы үлесі мен абоненттерінің саны бойынша Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы, купонының пайыздық мөлшерлемесі 11,5%, жалпы сомасы 30 млрд. теңгені құрайтын 3 жылдық облигацияларын Қазақстан қор биржасында орналастыруды жоспарлайды. 2017 жылғы 12 желтоқсанда Компания бірінші облигациялық бағдарлама мен облигациялардың бірінші шығарылымын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тіркеуден өткізді.
Облигацияларды шығару Кселл компаниясына қаржыландыру көздерін кеңейтуге және әртараптандыруға, қаржылық міндеттемелерінің орташа мерзімін ұлғайтуға, сондай-ақ қаржыландыруға жұмсалатын шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Бұл орналастыру жалпы атаулы сомасы 50 млрд. теңгені құрайтын облигациялық бағдарлама аясында жоспарланған.
Анықтама үшін
| Кселл | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, ішкі 1205Investor_relations@kcell. kz |
| БАҚНаталья Еськова | Тел: +7 727 2582755, ішкі 1902Pressa@kcell. kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен / Галина Кулачек / Эдриан Даффилд |
Редакторлар үшін ескертпе
- Орналастыру үшін жарияланған бағалы қағаздардың (облигациялардың) саны: 30 000 000 (отыз миллион)
- Облигациялық бағдарламаның тіркеу нөмірі: F72
- Облигациялар шығарылымының ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZP01Y03F725
Компания туралы
Кселл мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді, сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Кселл Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының Кселл акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 млн. дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
Алдағы уақытта Кселл Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр. Компания желілік қамтуды кеңейту мақсатында өзінің 3G/4G желісін дамытуға және жоғары сапалы байланыс қызметтерін ұсынуға инвестициялауды жалғастырады. Кселл өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, түсім көлемі мен абоненттерінің саны бойынша мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.