Төртінші индустриялық революциямен (4IR) байланысты жаһандық цифровизация бүкіл әлем бойынша телекоммуникациялық компаниялар мен олардың корпоративтік клиенттерінің бизнесін өзгертіп жатыр. В2В нарығындағы бәсекелестер күресі мобильді байланыс операторларының корпоративтік клиенттеріне үнемі өзгеріп отыратын жағдайларда дамуға және содан табыс табуға көмектесетін digital бизнес-шешімдер сегментіне көбірек ауыса бастады. Алматыда өткен «Қазақстандық бизнестің digital-трансформацияcы» атты дөңгелек үстелде «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс осындай пікір білдірді.
«Кселл» компаниясы ұйымдастырған шараға қазақстандық және халықаралық ірі компаниялардың топ-менеджерлері қатысты. Digital-шешімдер мен технологиялар ірі бизнестің төртінші индустриялық революцияның сын-қатерлеріне төтеп беруіне қалай ықпал етеді? Бұл туралы өз көзқарастары мен практикалық кейстерін Kaspi Bank Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе, Air Astana-ның IT&eBusiness жөніндегі вице-президенті Чаминдра Ленава, A.T. Kearney халықаралық консалтинг агенттігінің басқарушы серіктесі Зорен Грабовски және «Кселл» бизнес-нарықты дамыту жөніндегі директоры Вадим Лю ортаға салды.
«Төртінші индустриялық революция (4IR) — жылдам дамитын цифрлық технологиялар инфрақұрылымына құрылатын мүлдем жаңа экожүйеге жаһандық ауқымда ауысу. 4IR экономикаға және өнеркәсіптің барлық саласына ықпал етеді. Сондықтан бұл өзгерістерге төтеп беру үшін және шығындар құрылымын қоса алғанда, құн қалыптастыру тізбегіндегі (логистика, өндіріс, клиенттермен өзара әрекеттесу және т.б.) түрлендірулерден пайда өндіру үшін компанияларға жаңа бизнес-модельдер қажет болады. Өндірістің өз жүйесіндегі серпінді өзгерістер кәсіпорындардан жаңа мүмкіндіктер ашуды және жаңа стратегиялар құруды талап етеді. Сол себепті үкімет пен ірі бизнеске технологиялар енгізуді және өсіп келе жатқан жаңа өндірістік жүйені ынталандыру қажет», — дейді A.T. Kearney халықаралық консалтинг агенттігінің басқарушы серіктесі д-р Зорен Грабовски.
Дөңгелек үстелде адамдар мен машиналардың жаппай әрі тұрақты байланысына және нақты уақытта деректердің орасан зор көлемімен алмасуға негізделген 4IR кезеңіндегі цифрлық трансформация жолында Қазақстан өтуі тиіс кедергілер де талқыланды. Негізгі драйверлер — бүкіл әлем бойынша кәсіпорындар бизнесін түрліше өзгертетін серпінді digital-технологиялар.
Зорен Грабовскидің пікірінше, қазақстандық компаниялар өз бизнес-процестеріне digital-технологияларды мейлінше белсенді енгізіп жатыр. Цифровизацияның жекелеген параметрлері бойынша Қазақстан тіпті Еуропаның кейбір елдерін артқа тастайды. Оның пікірінше, цифрлық технологиялардың дамуы алдағы бес жыл ішінде телекоммуникациялар, банктер, автокөлік жасау сияқты салаларда жұмыстың шамамен үштен бірін автоматтандыруға жағдай туғызады. Бұл туралы қазір ойланбағандар бәсекелестер күресінде ұтылмаса да, айтарлықтай әлсіздік байқатады.
Қазақстанның телекоммуникациялар нарығында digital-қызметтер мен шешімдердің көшбасшы провайдері болу үшін «Кселл» компаниясы соңғы бірнеше жыл ішінде ішкі трансформациядан сәтті өтіп келеді.
«Біз үш бағытқа ден қоямыз. Ең алдымен, бұқаралық нарықпен және бизнес-клиенттер сегментімен өзара әрекеттің „Digital First“ тәсіліне негізделген моделін қалыптастырамыз. Біз клиенттер мүддесін жоғары қоя отырып, жылдам шешім қабылдау үшін ұйымымыздағы ішкі процестерді өзгертеміз. Процестерді қайта құруға байланысты тағы бір міндет — мейлінше цифрланған және мейлінше тиімді болуы тиіс өнімдерді нарыққа шығару мерзімін қысқарту. Сондықтан 2017 жылы біздің компания өнімдер портфелін жеңілдету мен клиенттік процестерді автоматтандыру бойынша белсенді жұмыс істеді. Компанияның барлық бағыт бойынша тиімділігі мен өнімділігін арттыруды көздеген цифрлық трансформация бағдарламасын іске асыруда бұл елеулі ілгерілеушілікке жетуге мүмкіндік берді», — деді Арти Отс.
Қазірдің өзінде «Кселл» колл-орталығына келетін қоңыраулардың 40 мыңға жуығын немесе 60%-ын роботтар қарастырады. Бұл канал арқылы көрсетілетін сервис деңгейі 40%-ға артты, ал клиенттің мәселесін алғашқы қоңыраудан-ақ шешу көрсеткіші 50% болды. Бұған қоса, компанияның кейбір өнімдерін роботтар сата бастады. Тіпті, мұндай сауданың көлемі мамандандырылған бөлімнің сондай жұмысына пара-пар.
«Бүгінде бизнес-клиенттері үшін „Кселл“ — АКТ-серіктес, телекоммуникациялар мен ақпараттық технологиялар саласындағы сарапшы. Сондықтан күрделі әрі тиімді шешімдер бойынша В2В-сегмент бізге келеді, — деп атап өтті Вадим Лю. — Бизнес-клиенттермен жұмыс істеудегі біздің философиямыз бизнеске жай ғана шешімдерді сатуға емес, қазақстандық компанияларға бұрынғыдан да мобильді және ниеттестігі сөзсіз табыс әкелетін клиенттері үшін қолайлы бола түсуге нақты көмектесуге негізделген. Біз шешімдер портфелін кеңейтуді жоспарлап отырмыз және өзіміздің IoT-зертханаларымызда жаңа өнімдерді сынақтан өткізіп, көп тәжірибе жасаймыз. Міндетіміз қарапайым — В2В клиенттеріміздің қажеттілігін түсінуде мүмкіндігінше анағұрлым нақты болу және олардың тапсырмаларын бұрынғыдан да тиімдірек етіп шешу».
2017 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша «Кселл» бизнес-өнімдер портфелінде IT мен digital бизнес-шешімдердің үлесі 54 пайыз болды. Олардың арасында «Kcell Бұлт», «IT-инфрақұрылым», Big Data негізіндегі мобильді маркетинг өнімдерінің желісі және Заттар интернеті (IoT) базасындағы шешімдер бар. Биыл компания digital-қызметтерді дамытуды ең жоғарғы басымдық ретінде қарастыруды жалғастырады. Жақын арада М2М-қызметтер провайдерлеріне уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін SIM-карталарды басқару платформасы іске қосылады. Сонымен бірге компания Заттар интернеті (IoT) саласында жаңа шешімдерді нарыққа шығаруды және Big Data базасында қызметтер портфелін айтарлықтай кеңейтуді жоспарлап отыр.