23 ақпанда Алматыда ритейл және қонақжайлылық саласында ақылды технологиялар арналған PROFIT Retail Day конференциясы болып өтті. Конференцияда «Кселл» АҚ Іскерлік нарықты дамыту жөніндегі департаменттің маркетинг басшысы Татьяна Плотникова бөлшек бизнестегі аналитика мен ауқымды деректердің мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді.
«Күнделікті смартфондар, датчиктер, камералар және басқа да қосылған құрылғылар дәстүрлі дерек көздерінен алынған көптеген ақпаратқа қосылатын ауқымды деректерді түрлендіреді. Kcell телекоммуникация нарығында 20 жыл бойы жұмыс істеп келеді және деректерді тиімді түрде алу және талдау үшін жеткілікті тәжірибе жинақтады. BigData потенциалын пайдалана отырып, біздің мамандар „Геолокация туралы коммерциялық есеп“ және „DirectMarketing“ қызметтерін жасады. Алғашқы қызмет ақпаратты талдауға және клиенттер үшін осы талдау негізінде шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, ал екіншісі қызметтер мен тауарлар туралы шынымен қызығатын адамдарға хабарлауға көмектеседі », – деді ол өз сөзінде.
Конференцияда сарапшылар сату саласындағы ең өзекті технологияларды талқылады. Ең алдымен, мобильді құрылғыларды автоматтандыру және ендіру. Бүгінгі таңда клиенттер кез-келген ыңғайлы жерде сауда жасауға, бұған көп уақыт жұмсағысы келмейді, олар бірнеше секундта шешім қабылдайды, ал нарықта бәсекелестік күшейе түсуде.
«Бәсекеге қабілетті болу үшін, Қазақстандағы және әлемдегі барлық компания IT-компания болуы керек. Бұл дегеніміз, компаниялар үнемі өздерінің процестерін автоматтандыруға, Digital-жылжыту және жаңа бизнес үлгілерге эксперимент жүргізуі тиіс екенін білдіреді. Белгілі табысты компаниялар осындай озық инновацияларға мән бермей, сәтсіздікке ұшырады. Біз өз клиенттерімізге тиімді және жылдам болуға көмектесу үшін жаңа бағыттарға көп қаржы бөлеміз. Корпоративтік нарықта „Кселл“ ұялы байланыс операторы ғана емес, сонымен бірге АКТ — серіктес, телекоммуникация және АТ саласындағы сарапшы», — деді Татьяна Плотникова.
Конференция барысында қаржы операциясының мәселелері, дүкендер кеңістігін басқару, кәсіби визуализация шешімдері және тағы басқа мәселелер көтерілді.
