27сәуірде Алматыда Kazakhstan Marketing Conference 2018 болып өтті. Жетекші сарапшылар мен кәсіпкерлер маркетингтің болашағын талқылады, тұтынушылардың жаңа ұрпағы мен Қазақстанның мемлекеттік бренді туралы әңгімеледі. Конференцияда «Кселл» АҚ бизнес-нарықты дамыту жөніндегі директоры Вадим Лю конференцияда сөз сөйледі және маркетингте үлкен көлемдегі деректі пайдалану мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді.
«Кселл» АҚ 10 миллионнан астам абоненті үлкен көлемдегі деректерді қалыптастырады. Біріктірілген түрде күн сайын 300 Гб дейін ақпарат жиналады. Егер 3V – volume, velocity, variety деп аталатын үлкен көлемдегі деректер критерийлерін қолдансақ, оған кейде veracity қосылады, онда сарапшылар мен технология толық көлемін және динамикасын ескере отырып, бірден өңдеуге қабілетті болғанда дерек құнды болып табылады. Себебі, абонеттер туралы мәліметтер әртүрлі болғандықтан бұл телекомның ақпаратты пайдалану пайдалы және қызықты болуы үшін визуализацияның тиімді жолдарын іздеуге итермелейді», – деді ол өз сөзінде.
Сондай-ақ, Вадим Kcell компаниясының қызметкерлері деректерді тиімді түрде алу және талдау үшін жеткілікті тәжірибе жинақтағанын атап өтті:
«Big Data-ның әлеуетін пайдалана отырып, біздің мамандар «Коммерциялық есеп» және Direct Marketing тәрізді қызметтерді әзірледі. Біріншісі, біздің клиенттерге мәселен, қазіргі бар немесе әлеуетті клиенттердің шоғырланған орны туралы нақты ақпарат негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді, ал екіншісі қызмет пен тауар туралы шынымен қызығатындарға хабарлауға көмектеседі», – деп атап өтті Вадим Лю.
Конференцияда, сондай-ақ жеке бренд құру, дағдарысты коммуникация және роликтерді вирустық насихаттау мәселелері талқыланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Kazakhstan Marketing Conference 2018 тұғырнамасы Қазақстандағы маркетологтардың кәсіби қауымдастығының өзекті мәселелерін талқылау үшін тұрақты пікірталас алаңына айналады.