EMEA Finance журналының нұсқасы бойынша «Кселл» АҚ ЖДҚ бағдарламасы 2017 жылғы «Ең үздік депозитарлық қолхаттар бағдарламасы» болып танылды
2018 жылғы 7 маусымда Лондонда болып өткен табыстау рәсіміне «Кселл» АҚ Инвесторлармен байланыс бөлімінің басшысы Ирина Шоль ханым және «Ең үздік депозитарлық банк» болып танылған Deutsche Bank депозитарлық банкінің өкілдері қатысты.
EMEA Finance сондай-ақ «Кселл» АҚ IPO-ға шыққанына, Қазақстанда (KASE) листингтен өткеніне және Лондонда (LSE) ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) орналастырғанына бес жыл толуын атап өтті.
EMEA Finance (www.emeafinance.com) – Еуропаның, Таяу Шығыстың және Африканың дамушы елдерінде корпоративтік қаржы саласында орын алатын аса маңызды оқиғалар мен жаңалықтар туралы баяндайтын халықаралық қаржы журналы.