Алматы, 2018 жылғы 28 маусым – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL), кіріс көлемі мен абоненттерінің саны бойынша Қазақстан нарығындағы мобильді телекоммуникациялық қызметтердің жетекші провайдері, өз акционерлері мен инвесторларының назарына Директорлар кеңесінің «Кселл» АҚ мен «Альфа-Банк» ЕБ АҚ арасында 2016 жылғы 8 маусымда жасалған № 82.2090/2016 несиелік желі туралы келісім бойынша 10 миллиард теңге мөлшеріндегі қарыздың ұзартылуын бекіткендігі туралы ақпаратты жеткізеді.
Жаңа келісімге сәйкес, несиелік желінің мерзімі 2019 жылғы 8 маусымға дейін ұзартылады. Несиелік желі аясындағы қарыздар бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 12,0%-ға дейін (14,5%-дан) төмендетіледі, талаптарды өзгерту үшін алынатын комиссия – соманың 1%-ы.
| Байланыстар | |
| Инвесторлармен байланысИрина Шоль | Тел: +7 727 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚ Наталья Еськова | Тел: +7 727 2582755, ішкі 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif PartnersКэй Ларсен, Галина Кулачек,Эдриан Даффилд | Тел: +44 207 457 2020 |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 млн. дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
Алдағы уақытта Kcell Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр. Компания желілік қамтуды кеңейту үшін өзінің 3G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды, сондай-ақ 4G стандартындағы жоғары сапалы байланыс қызметтерін енгізуді жоспарлайды. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, түсім көлемі мен абоненттерінің саны бойынша мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.