«Кселл» компаниясы «Қазақстан цифрландыруға дайынба?» National Business порталының арнайы жобасының серіктесі болды. Жобаның мақсаты — қазақстандық компаниялардың мүмкіндіктерімен сан алуан бизнес-процестерін талқылау. Жобаға KPMG, «Зерде» ҰИКХ және «Сентрас» компанияларының зерттеулері негіз болды.
«Корпоративтік сегментте „Кселл“ бірнеше жылдан бері сандық түрлендірудің барлық кезеңінде бизнеске қолдау жасап келеді. Шағын кәсіп үшін де, трансұлттық корпорациялар үшін де бұл оңай жол емес, бұл салада олар көбінесе сәтсіздікке ұшырайды. Технологиялық білімнің болмауы, инвестицияның қажеттілігі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, тіпті құқықтық кедергілер — бұл бизнестің сандық өзгеру процесінде кездесетін қиындықтарының бір бөлігі ғана. Осы кедергілермен біз де таныспыз, өйткені корпоративтік клиенттеріміздің ішкі процестеріне араласа отырып, өзіміз де өзгеру үстіндеміз. Индустрия 4.0 талаптарына сәйкес келуге және өзгерістерге бейімделу үшін біз осы жолды олармен бірге жүріп өтеміз» — деді «Кселл» АҚ-ның бизнес-нарықты дамыту директоры Вадим Лю.
«Қазақстан цифрландыруға дайын ба?» зерттеуіне еліміздің ірі компаниялардың 20 IT директоры қатысты. Сарапшылар еліміздегі АКТ саласының дамуы экономиканы дамытумен тығыз байланысты екенін, экономикалық даму деңгейі неғұрлым жоғары болса, АКТ даму деңгейінің жоғарырақ болатынын атап өтті. Бұл ретте АКТ саласының өсуі тек жаңа жұмыс орындарын құру ғана емес, сонымен қатар экономиканың басқа секторларының тиімділігін де арттырады. Зерттеу көрсеткендей, Қазақстанның IT-нарығы 2016 жылы 19%-ға өсті және оның көлемі 559,695 млн. теңгені құрады. Сауалнамаға қатысқандар бұны сатып алынған IT-жабдықтар мен АТ-қызмет көлемінің ұлғаюымен байланыстырады.
KPMG компаниясы өкілдігінің Қазақстандағы IT саласындағы тобының кеңесшілер басшысы Константин Аушев Қазақстанда АКТ саласын дамытуда қойылған мақсаттарға жету үшін инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру қажет деді. Атап айтқанда, елдің барлық облысында кең жолақты Интернетке қол жеткізу керек және 4G/LTE мобильді интернеттің ену жылдамдығын арттыру қажет. Бизнес жүргізудің айтарлықтай жақсартылған ортасы болуы тиіс, ішкі нарықта Қазақстан АКТ тауарлары мен қызметтеріне деген сұранысты ынталандыру және сатуды қолдау қажет. Қаржыға қол жеткізужәне адам капиталын дамытуды да арттыру қажет.
Адам капиталына айрықша назар аудару қажеттілігі «Сентрас» тобыныңзерттеулерінде де аталды. Бұл зерттеуде Индустрия 4.0-те Қазақстанның әзірлігіне əсерін тигізетін маңызды салаларға талдау жасалды. Оның респонденттері кәсіби біліктіліктің әлсіз болуы — қазақстандық кәсіпорындардың Индустрия 4.0-ке өтуіне теріс әсер ететін негізгі фактор екенін атап өтті. Сонымен қатар осы процестің қаржылық-ақшалайжағы зерттеуге қатысушылардың пікірінше екінші кезектегі мәселе саналады.