Алматы, 2018 жылғы 3 шілде. «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Компания», LSE, KASE: KCEL), нарықтағы үлесі мен абоненттерінің саны бойынша Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы, апелляциялық инстанциядағы соттың салықтық дау бойынша Кселл апелляциялық шағымын қарастырып, Компания пайдасына шығарылмаған бірінші инстанциядағы сот шешімін өз күшінде қалдырғандығын жариялайды.
2017 жылғы шілде айында уәкілетті салық органы 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңге кешенді салық тексеруін аяқтады. Тексеру нәтижелері бойынша салық органы 9,0 млрд. теңге жалпы сомасына салықтар мен өсімпұл төлеу, соның ішінде 5,8 млрд. теңге салық, 3,2 млрд. теңге өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу туралы хабарлама жасады.
2018 жылғы қаңтар айында Кселл салық органының хабарламасына бірінші инстанциядағы сотқа шағымданды, ол Кселл талаптарын қанағаттандырудан бас тартты. Бірінші инстанциядағы сот шешіміне Компания апелляциялық тәртіпте шағым жасады. 2018 жылғы маусым айында апелляциялық инстанциядағы сот апелляциялық шағымды қарастырып, Компания пайдасына шығарылмаған бірінші инстанциядағы сот шешімін өз күшінде қалдырды. Сот шешімінің заңды күшіне енгендігіне қарамастан, Кселл аталмыш сот актілеріне Жоғарғы сотқа шағымдану құқығын өзіне қалдырады.
2016 жылдың төртінші тоқсаны мен 2017 жылдың екінші тоқсанында Компания салықтарды төлеу үшін тиісінше 4,0 млрд. теңге және 2,8 млрд. теңге мөлшеріндегі сомаларды резервтеді. Дәл осы мақсатта 2018 жылдың екінші тоқсанында Компания 1,4 млрд. теңге сомасына қосымша резерв құрып, аталмыш соманы өзінің қаржылық есептілігінде біржолғы шығыстар бабы ретінде көрсетеді.
Анықтама үшін
| Кселл | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Тел: +7 727 2582755, ішкі 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен, Галина Кулачек, Эдриан Даффилд |
Компания туралы
Кселл мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді, сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Кселл Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 млн. дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
Алдағы уақытта Кселл Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр. Компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастырады. Кселл өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, түсім көлемі мен абоненттерінің саны бойынша мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.