Kcell компаниясының серіктесі, «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Өмірге дем берейік» жобасы аясында Қостанай облыстық балалар ауруханасына жаңа туған нәрестелерді күтуге арналған заманауи жабдықты сыйлады
Ауруханада Amelie қарқынды терапия инкубаторы, Amenic ашық реанимациялық жүйесі, Amelix үш фототерапия шамы және пациенттердің M20 екі мониторы орнатылған. Жабдықтың көмегімен Қостанай облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері жағдайы ауыр жаңа туған нәрестелерге күтім жасай алады.
Жабдықтың жалпы құны – 16 миллион теңге. Қаражаттар Кселл және Activ абоненттерін қоса алғанда, алаңдаушылық білдіретін қазақстандықтардың қайырымдылықтары арқасында жиналады. 2016 жылғы желтоқсанда Қазақстанда SMS-көмек жинау үшін 9962 арнайы қысқа нөмір іске қосылды. Нөмірді шығарған сәтінен бастап Kcell және Activ абоненттері 436 мың теңге көлемінде көмек көрсетті, олар да жабдықты сатып алуға жіберілді.
«Біз Қормен бір жарым жылдан астам уақыттан бері ынтымақтасып келеміз және жұмысымыздың маңызды нәтижелерін көріп отырмыз. Біздің абоненттеріміз ауқымды қайырымдылық жобаларының бір бөлігі бола алатынына қуаныштымыз. 9962 қысқа нөмріне қайырымдылық көмектер түсуін жалғастырып жатыр, олар балалар ауруханаларына қажетті жабдықтарды сатып алуға жұмсалады. Кішкентай қазақстандықтардың денсаулығына қосқан үлесі үшін мобильді байланыстың барлық бей-жай қарамаған пайдаланушыларына алғыс айтамын», – деп атап өтті Kcell компаниясы коммуникация бөлімінің басшысы Наталья Еськова.
«АЯЛА» қоры балалар медицинасы мен білім беру саласында 11 жыл жұмыс істеп келеді және денсаулық сақтау тәжірибесіне жаңа туылған нәрестелердегі ауыр жағдайларды емдеудің және алдын алудың жаңа әдістерін енгізуге көмектеседі.
Еске сала кетейік, жобаға көмектесу үшін Kcell және activ абоненттері 9962 қысқа нөміріне кез келген символмен немесе мәтінмен SMS жібереді. Хабарлама құны – 200 теңге.