Алматы, 2018 жылғы 23 шілде. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы оператор, өз акционерлері мен инвесторларының назарына «Кселл» АҚ мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ арасында 2013 жылғы 24 қыркүйекте жасалған банк қарызы шарты бойынша бекітілген несие желісі аясында 18 (он сегіз) ай қаржыландыру мерзімімен 10 миллиард теңге мөлшерінде транш алу туралы ақпаратты жеткізеді. Қарызға алу мерзімі – жылына 12,5% сыйақы мөлшерлемесімен 2021 жылғы 16 шілдеге дейін. Негізгі қарызды өтеу жеңілдікті кезең (18 ай) өткеннен кейін, 2020 жылғы 19 шілдеден бастап жартыжылдық транштармен тең үлестермен жүзеге асырылады.
Сұранымдар үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Тел: +7 727 2582755, ішкі 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Тел: +44 207 457 2020 |
| Кэй Ларсен, Галина Кулачек,Эдриан Даффилд |
Компания туралы
Кселл мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Кселл Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 млн. дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
Болашақта Kcell Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуға ниетті. Компания желілік қамтуды кеңейту мақсатында 3G желісін дамытуға, сондай-ақ 4G стандартының жоғары сапалы байланыс қызметтерін енгізуге инвестиция құюды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге төзімді бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің сұрыпталымын кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, табыс көлемі мен абоненттердің саны бойынша мобильді байланыс нарығында өзінің көшбасшы орнын қамтамасыз етуге ұмтылады.