«Кселл»-дің Республикалық «Digital Life» білім беру жобасы қорытындысын шығарды

«Кселл»-дің Республикалық  «Digital Life» білім беру жобасы қорытындысын шығарды

 «Кселл»  коммпаниясының республикалық «Digital Life»  білім беру жобасы 2015 жылы басталған болатын және үш жыл ішінде оған Қазақстанның 17 қаласынан шамамен 8 мың адам қатысты. 298 тегін мастер-класстар өткізілді. «Мобильді медиа», «Мобильді қауіпсіздік», «Мобильді білім», «Мобильді мемлекет», «Мобильді бизнес», «Бизнеске арналған SMM»,  «Әжелер, аталар және смартфон» курсы  – бұл «Digital Life» жобасының 14 тақырыбы ішіндегі ең танымал мастер-класстар.

 «Digital Life» жобасының мақсаты – қазақстандықтарды олардың күнделікті өмірі үшін смартфондар мен мобильді қосымшалар ашатын мүмкіндіктер және басымдылықтармен таныстыру. Мастер-класс және курс тыңдаушылары -оқушылар мен олардың ата-аналары, студенттер, шағын және орта бизнес өкілдері, журналисттер, блогерлерм мен тіпті зейнеткерлер болды.

«Әжелер, аталар және смартфон»

Бұл курс бірінші құлақтандыруды жариялаған сәттен бастап-ақ үлкен сұранысқа ие бола бастады. Себебі бұл курста 50 және одан үлкен жастағы ата  буындарымыз «сандық тосқауылдан» өту үшін смартфондарды пайдалануды үйренді. Ең ересек қатысушы 83 жаста болатын.

Дәл осы курс сабақтарында тыңдаушылар, қазақстандық зейнеткерлер алғаш рет әлеуметтік желілерде аккаун құрып, смартфондар мен планшеттер үшін қосымшалар жүктеуді, мессенджерлерде топтар құруды және әрине, бір-бірімен қатынасуды үйренді! Осы сабақтардың арқасында, Қостанайдан қатысушы Воронина Наталья Зотовна енді коммуналдық қызметтерді онлайн төлесе, Давлетгиреева Альфия Хамитовна  бейнеқоңырау шалуды, дыбыс хабарламаларын жіберуді және смартфонға сурет пен видео түсіруді үйренді.  

«Мен 55 жастамын. Жұмыс істеймін. Әріптесім WhatsApp-қа құжаттың суретін түсіруді өтінген бір жағдай болған. Менде смартфон бар, алайда оның өтінішін орындау үшін, мен өзімнен жастау әріптестеріме жүгінуге мәжбүр болдым. Бұл әр кез ыңғайлы бола бермейтіні түсінікті.  5 күндік сабақтың арқасында, смартфондар біздің өмірімізді жеңілдету үшін ойлап тапқанын түсіне алдық. Әлеуметтік желілер, оқуға арналған қосымшалар, маңызды сәттерге арналған сурет және видео  бұның барлығы енді біз үшін оңай», – деп өз әсерімен Ақтөбелік Манепова Гульнара Мирашевна бөлісті.

Жобаның үш жылында «Әжелер, аталар және смартфон» курсына Қазақстанның 14 қаласынан 500 зейнеткер қатысты.

Мобильді білім

Мобильдік технологиялар оқу мен өз-өзін дамыту үшін бірегей мүмкіндіктер береді. Қазақстанның 16 қаласынан жүздеген студенттер, мектеп оқушылары мен педагогтар  смартфондардағы мобильді қосымшалар арқылы өзіне қызықты мамандықтар бойынша курстар табуға болатынын, қандай қосымшаларда шетел тілдерін үйрену оңай екендігін біле алды.    

«Мен көптеген қосымшалар туралы ақпарат алдым және келешекте оларды пайдаланғым келеді. Бізде қазір «Телерадиожурналистика» пәні жүріп жатыр, біз жиі түрде мәтінді түзетеміз және бүгін мен видеоларды түзетуге болатын қосымшалар туралы білдім. Мен үшін   тілдерді үйрену өте маңызды. Бүгінгі тренингтен түсінгенім – ағылшын тілін үйрену өте маңызды. Оны үйренуге арналған қосымшалар бар екен. Бұл керемет жайт! Менің әрі қарай дамуым үшін бұл үлкен мүмкіндік. Тағы қосарым, VR-көзілдіріктер маған өте ұнады.  Осындай мүмкіндік үшін рахмет», –  дейді А.Байтұрсынов атындағы ҚМК 1 курс студенті Ризанұр Қасенова.

Мобильді қауіпсіздік

Бұл мастер-класс мобильдік технологиялардың көмегімен  өз балаңызды сыртқы орта және виртуалды қатерлерден қалай қауіпсіздендіруге болатынын, өзіңізге қауіпті жағдайларда қалай көмектесуге болатынын түсіндірді. Мастер-класта жаттықтырушылар ересек адамдарды баланың  жүрген жерін бақылау бойынша жүйелерді қалай пайдалану керектігін түсіндірді, Kcell-дің «Ата-ана бақылауы» қызметін қалай пайдалану керектігін және балаларды «үлкендердің» контентінен қалай алшақтату керектігін баяндады.

«Ата-аналар жиналысында ұсынылған «Ата-ана бақылауы» мобильдік қосымшасы туралы материал өте оңтайлы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте қажетті. Ақпарат қолжетімді түрде, өте қызықты, жанды, қызықты етіп жеткізілді. Ата-аналар белсенді тыңдаушылар ретінде шықты: көп сұрақтар қойылды. Тренингтен кейінгі түсіндіру жұмыстарына алғысымыз шексіз! Рахмет!», – деп Қарағанды қ. №58 ЖОМ директоры Балғабекова Татьяна Владимировна әсерімен бөлісті.

Бизнеске арналған SMM

Осы мастер-класс арқасында кез келген ниет білдіруші адам  өз тауарларын әлеуметтік желілер мен ғаламтор арқылы өз тауарларын жарнамалау және жылжыту үшін  қалай пайдалану керектігі  туралы біле алды. Курс қатысушылары коммерциялық мәтіндер жазу дағдыларын,  мобильдік қосымшаларды пайдалана отырып нарыққа талдау жасауды үйренді,  әлеуметтік желілерде алға жылжытумен және жобаларды басқару жүйелерімен танысты. Жаттықтырушылар ғаламтор арқылы қалай тауарларды сату және сатып алу керектігін, әуе билеттерін қалай тез тапсырыс беруді, міндеттерді қалай жоспарлау және тұратын орынға бронь қою, тұлғалық тиімділікті қалай арттыру керектігі жайлы баяндады.

 «Бизнеске арналған SМM»  мастер классы өте пайдалы болды. Енді мен ғаламтордағы өз бизнесімді дамытуға және оның көмегімен клиенттер тартуға көбірек көңіл бөлетін боламын, себебі менің негізгі мақсатты аудиториям – бұл біздің қызметтерге қызығушылық танытатын әйелдер», -деп атап өтті Петропавлдағы «Есения» сұлулық салонының директоры Есения Сабитова.

Digital–еріктілер мектебі

Үш жылдық жоба аяқталғанмен, «Кселл» үшін  смартфондар мен мобильді қосымшаларды тиімді пайдалану бойынша білімнің әрі қарай тарағаны өте маңызды болды. Сол себепті компания курстар мен мастер-класстарды өткізетін және сандық әлемнің бөлігі болғысы келетін пайдалы ақпаратты бергісі келетін 82 еріктіні оқытты. Астана мен Павлодардың digital-еріктілер мектебінің түлектері өз қалаларындағы «Әжелер, аталар және смартфон»  және «Мобильді қауіпсіздік» курстарын ұйымдастыру мен өткізуге қатысып үлгерді.  

«Тренингтердің қалай өткізілетінін білу маған қызықты болатын. Сонымен қатар, адам саған сенетіндей және сенің айтып отырған сөздеріңе сенетіндей етіп ақпаратты қалай жеткізуге болатынын білу мен үшін өте маңызды болатын. Қалай барлық күмәннен, «алайда» және «қарсы» сөздерінен қалай арылуға, әр әр адамды, оның пікірін қалай білуге болады. Екіншіден, бұл мен және курстың қалған қатысушылары үшін үлкен тәжірибе», – дейді Шымкент қаласының digital-еріктісі  Сергей Колпаидиков.«Жобаны іске қосу кезінде біз қазақстандықтарға өмір сапасын арттыру үшін пайдалануға болатын мобильдік технологиялар мен смартфондардың беретін шексіз мүмкіндіктері туралы айтқымыз келген.  Бізге мастер-класстар мен курстардың қатысушыларының смартфондардың барлық мүмкіндіктер туралы білгені және оларды өз өмірінде пайдалана бастауы өте маңызды болатын. Үш жылдық жұмыс жасау мерзімінде біз еліміздің 17 қаласында 430 мастер-класс пен курстар өткіздік.  7 мыңнан астам адам денсаулығын жақсарту үшін, балаларды тәрбиелеуде, бизнесте және өміріміздің көптеген басқа салаларында тиімді пайдалана бастады. Үш жыл ішінде біз  жүздеген белсенді апалар мен аталарға сандық коммуникациялар технологияларының көмегімен қатынасудың қандай оңай, күшті және қызық екендігін түсіндіре алдық.  Digital Life жобасын іске асыруға ат салысқан адамдардың барлығына, олардың кәсіпқойлығы мен еңбекқорлығына алғыс білдіреміз.  Жобаның барлық қатысушыларына жаңа білімге деген ашықтығы мен дамуға деген ниеті үшін үлкен рахмет», – деп атап өтті «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімінің басшысы  Наталья Еськова.

Scroll to Top

Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры

Сабигат Маратович Қазақстандық Менеджмент, Экономика және Болжау институтын (ҚМАЭБИ) қаржы мамандығы бойынша үздік бітірді.

Қаржы және инвестициялар, бірігу және сіңіру, қаржы-экономикалық талдау, мәмілелерді құрылымдау және халықаралық портфельдік инвестицияларды басқаруды қоса алғанда, активтер портфелін басқару саласында 13 жылдан астам тәжірибесі бар.

Еңбек жолын 2011 жылы PricewaterhouseCoopers&Advisory (PWC) ЖШС-те бастаған. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да 6 жылдан астам жұмыс істеді, онда инвестициялар және бизнесті қолдау департаментінің директоры лауазымына дейін өсті.

2022 жылдан 2024 жылғы тамызға дейін Румынияның Бухарест қаласындағы International N.V KazMunayGaz Инвестициялар және стратегия тобының директоры болып жұмыс істеді.

Страшенко Кирилл Валерьевич 2004 жылы Алматы Энергетика және Байланыс институтын (АЭБИ), электрбайланыс инженері мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылдан 2016 жылға дейін «Кселл» АҚ-да деректерді беру жүйелерінің инженерінен бастап деректерді беру жүйелері бөлімінің бастығына дейін түрлі қызметтерді атқарды. 2016-2018 жылдар аралығында желі және АТ инфрақұрылымы менеджері қызметін атқарды, сондай-ақ «Кар-Тел» ЖШС-мен бірлескен LTE желісі құрылысының жобалық жетекшісі лауазымына тағайындалды. 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін техникалық директордың орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдан 2022 жылдың мамырына дейін Желіні дамыту менеджері қызметін атқарды. 2019 жылы «Құрметті Байланысшы» мемлекеттік марапатына ие болды.

Басқарма мүшесі, Корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директор

2016 жылы Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде магистратураны бітіріп, Чикаго Университеті жанындағы Booth School of Business-те MBA дәрежесін алды.

Қаржы нарықтарының, корпоративтік қаржының, тәуекелдерді басқарудың, операциялар мен сатып алулардың әртүрлі салаларында 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Өзінің еңбек жолында корпоративтік стратегияларды ойдағыдай әзірлеп, енгізді, компаниялардың қаржылық портфельдерін жақсартты және пайданың өсуіне ықпал ете отырып, операциялық процестерді оңтайландырды.

Даурен Мухамедкалиевич мансабын 2008 жылы Eurasian Capital JSC компаниясында Қазақстанның бағалы қағаздар нарығындағы жетекші брокер позициясынан бастады. 2018 жылы «Кселл» АҚ қаржы директорының орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылдан бастап «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (Астана, Қазақстан) Басқарма Төрағасы орынбасары басшылық позициясында болды.

Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директор

Асқар Серікұлы 2024 жылғы 15 шілдеден бастап «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры, Басқарма Төрағасы лауазымына сайланды.

Алматы энергетика және байланыс институтының «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» мамандығы бойынша түлегі, Манчестер университетінің «Менеджмент және ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистр дәрежесі және «Саид» бизнес-мектебінің ұйымдастырушылық көшбасшылық бойынша дипломы бар.

Өз мансабын «Эйр Қазақстан» әуекомпаниясында байланыс техникасынан бастаған, бірнеше жыл «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-де (Tele2/Altel) инженер болып жұмыс істеген, «HSBC Қазақстан банкінде» жұмыс істеген, онда стратегиямен, бизнес-процестерді трансформациялаумен айналысқан, BI Group еншілес компаниясы «Beintech» ЖШС-те де осындай қызметтермен айналысқан, «Qazkom» АҚ Клиенттік тәжірибені дамыту департаментіне басшылық етті, «Қазақстанның Даму банкінде» жұмыс істеді, онда әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды, елдің Ұлттық Банкінің төлем жүйелерін басқару және дамыту департаменті директорының орынбасары болды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі ретіндегі соңғы лауазымында мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауға, бизнес-процестерді реинжинирингтеуге және деректерді басқаруға жауапты болды.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2024 жылғы 26 қыркүйекте Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Алибек Индыкбаева қаржы және телекоммуникация саласында екі жоғары білімі және 19 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар.

Өзінің мансабын 2005 жылы ақпараттық технологиялар саласында бастаған, кейіннен «KazTransCom» АҚ сияқты ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған, «Altyn Bank» АҚ ІТ бойынша басқарма төрағасының кеңесшісі рөлінде болған.

Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ басқарма мүшесі, сондай-ақ Корпоративтік бизнес бойынша дивизионның Бас директоры позициясында.

2008 жылы Тұран университетін «Қаржы» мамандығы бойынша және 2018 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бітірген.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2024 жылғы 26 қыркүйекте Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Мейрамов Ержан Болатович еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде бастады, Қазақстан Даму Банкінде, «Астана ЭКСПО- 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ, Qazkom, «Fincraft» инвестициялық үйі» АҚ, «Кселл» АҚ-да басшылық қызметтерді атқарды.

2021 жылы ҚР Цифрлық Даму және Аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Ержан Болатович Лондон корольдік колледжін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірді.

14.10.2022 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Сергей Валерьевич «Кселлдің» тәуелсіз директоры және 2025 жылдың 27 мамырында Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 3 жылға сайланды.

Ельцов мырза заң құқығы және корпоративтік басқару саласында айтарлықтай үлкен тәжірибеге ие. 2008 жылдан бастап ол «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «БТА Банк» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ қоса алғанда, бірқатар жетекші қазақстандық компанияларда басшылық қызметтерді атқарды.

2017 жылғы қарашадан 2022 жылға дейінгі кезеңде «Қазақалтын» ТМК» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болды.

Сергей Валерьевич Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «халықаралық заңгер» мамандығы бойынша бітіріп, Алматы экономика және статистика академиясында экономикалық білім алды. 2007 жылы «Компанияларды басқару: ең жаңа технологиялар» MBA Executive education бағдарламасынан өтті.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2025 жылғы 14 қарашада Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Каиров Аскар Жалелович экономика, қаржы және коммуникация саласында 22 жылдан астам тәжірибеге ие.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Халықаралық Бизнес Академиясының Магистр дәрежесі (корпоративтік менеджмент), сондай-ақ Cambridge Regional College-де (Ұлыбритания, 2016 жыл) алған Business and Finance сертификаты бар.

«Транстелеком» АҚ-да, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС, «Самұрық Қазына» АҚ-да басшылық қызметтерін атқарған. 2025 жылдың қыркүйегінде «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес жөніндегі дивизионының бас директоры болып тағайындалды.

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Өтемұрат мырза «Кселлдің» тәуелсіз директоры ретінде 2025 жылдың 27 мамырында Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 3 жылға сайланды.

Өзінің мансабын 2003 жылы Ernst&Young Kazakhstan компаниясында аудит бойынша қызметкер болып бастаған. 2008 жылдан бастап «Қазына» орнықты даму қорында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында, Қазақстанның Даму банкінде, БТА Банкте және басқаларында басшылық орындарда болды.  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясын басқарған.

ҚМЭБИ-ді «Іскерлік әкімшілендіру және бухгалтерлік есеп» (қаржы) мамандығы бойынша үздік бітірген. 2013 жылы ол Лондон бизнес мектебінде (London Business School) Sloan бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алды.

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Миржан Елдесович «Кселлдің» тәуелсіз директоры және 2025 жылдың 27 мамырында Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 3 жылға сайланды.

Қарақұлов мырза әр түрлі жылдары ҚР Ұлттық банкінде, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да басқарма төрағасының тәуекел-менеджмент бағыты бойынша орынбасары болды, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-да Тәуекелдерді басқару департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің тәуелсіз бағалау бөлімшесінің консультанты.

Қарақұлов мырза Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының (ҚМЭБИ) түлегі, «Болашақ» халықаралық президенттік бағдарламасының стипендиаты, Vanderbilt University (АҚШ) экономика саласындағы магистр дәрежесімен үздік бітірді. 2022 жылы Гарвард университетінің Джон Ф.Кеннеди атындағы басқару мектебінде (Harvard Kennedy School) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Диекторлар кеңесінің төрағасы

Артур Викторович Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады және «Кселл» тәуелсіз директоры. 2025 жылғы 27 мамырда Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 3 жылға сайланды.

Неупокоев мырза өзінің телекоммуникация саласындағы мансабын 1994 жылы Алматы қаласындағы Халықаралық қалааралық телефон станциясының өндірістік зертханасының инженері қызметінде бастады. «Қазақтелеком» АҚ-да 20 жылдан астам басқару тәжірибесі бар, онда корпоративтік сатуды дамытумен айналысқан.

2023 жылдың шілдесінен бастап «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде кіреді.

Артур Викторович Қазақ политехникалық институтын «Металлургия процестерінің физика-химиялық зерттеулері» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Қазақстан Республикасының «Үздік байланысшы» салалық құрметті марапатымен марапатталған.

Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор

Затилда Керей Жұмабекұлы Алматы энергетика және байланыс университетін екі мамандық бойынша бітірді: «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» және «Байланыс кәсіпорнындағы экономика және менеджмент», тиісінше «Электр байланысы инженері» және «Инженер-экономист» біліктіліктеріне ие болды.

Еңбек жолын 2004 жылы «Кселл» АҚ-да бастады, онда 17 жыл ішінде инженерден аймақтық техникалық департаменттердің басшысына дейін көтерілді. Қазақстанның түрлі өңірлерінде жұмыс істей отырып, ол телекоммуникациялық желілерді, соның ішінде 2G, 3G, 4G және WIMAX технологияларын пайдалану мен дамыту саласында бай тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ, радио желілерін жоспарлауда, мердігерлік ұйымдарды басқаруда және техникалық командаларға басшылық жасауда айтарлықтай тәжірибесі болды.

2021-2023 жылдар аралығында «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасының орынбасары - техникалық директоры қызметін атқарды. Осы позицияда ол телерадио хабарларын тарату желілерін дамыту жөніндегі стратегияларды іске асыруға, инновациялық технологияларды енгізуге және мемлекеттік жобаларды орындауға жетекшілік етті.

2023 жылдың маусым айында Затилда Керей Жұмабекұлы «Мемлекеттік Радиожиілік қызметі» РММ бас директорының орынбасары болып тағайындалды. Осы лауазымында ол радиожиілік спектрінің мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастырды, радиоэлектрондық құралдарды пайдаланудағы бұзушылықтарды анықтады және байланыс сапасын талдаумен айналысты.

Затилда Керей Жұмабекұлының еңбек өтілі 20 жыл, оның ішінде 15 жылдан астам басшылық қызметте болды. Осы уақыт ішінде ол күрделі техникалық жобаларды іске асыруға және елдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын жаңартуға елеулі үлес қосты.

Байланыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген байланысшысы» құрметті атағымен марапатталды.

Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор

Қазбек Бекжанович коммерциялық секторда 27 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде 23 жылы басшылық қызметте болды. Оның кәсіби жолы бірнеше саланы қамтиды: FMCG және бөлшек сауда саласында 10 жыл, телекоммуникация саласында 14 жыл және дағдарыс-менеджментке маманданған консультациялық бизнесте 3 жыл.

Шаимов мырза С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің түлегі. «Кселл» компаниясындағы мансабы 2008 жылы Бөлшек сауда бөлімі басшысының позициясынан басталды. Компанияның Семей, Ақтөбе және Астанада филиалдарын басқарған. Оның тәжірибесі бөлшек және бизнес-сегменттер үшін жаңа өнімдерді табысты іске қосуды, сондай-ақ сату процестерін оңтайландыруды және шалғайдағы да, сондай-ақ оффайн-арналарда да клиенттерге қызмет көрсетуді жақсартуды қамтиды.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер KC Holding Ltd-нің өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2023 жылғы 29 қарашада Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Керейбаев мырзаның ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар, экономикалық талдау және жоспарлау, қаржы салаларында үлкен тәжірибесі бар.

2018-2021 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

2021 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да модернизация бағдарламасы бойынша басқарушы директор болып жұмысқа ауысып, кейін көмекші функцияларды дамыту жөніндегі директор болып тағайындалды.

Керейбаев Даурен Жумагалиевич Новосібір Мемлекеттік Университетін механика және қолданбалы математика мамандығы бойынша (1992) және Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын қаржы және кредит мамандығы бойынша (1998) бітірген.

2018 жылы The University of Chicago Booth-да (АҚШ) Executive MBA бағдарламасы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Еңбек сіңірген қаржы маманы» қоғамдық орденімен марапатталған.

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

2023 жылдың 29 қарашасынан бастап «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында.

Жамалов мырза қаржы саласында, оның ішінде «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ,  ING Bank N.V. Лондон кеңсесінде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде, сондай-ақ Қазақстандағы ING Bank N.V. өкілдігінде қомақты тәжірибеге ие.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Орталық Азиядағы Mastercard Бас директоры қызметіне тағайындалды, сондай-ақ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Bolashaq Investments» тәуелсіз директоры; «Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры; «Отбасы банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры; Директорлар кеңесінің мүшесі, «Jusan Invest» АҚ тәуелсіз директоры ретінде тағайындалған. Телекоммуникация саласына 2014 жылы «Қазақтелеком» АҚ жобалық қаржыландыру департаментінің бас менеджері лауазымына келді, сондай-ақ «KazSatNet» ұлттық компаниясы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болды.

Жамалов мырзаның Кембридж Университетінің (Ұлыбритания) Executive MBA дәрежесі, Ньюкасл Университетінің (Ұлыбритания) халықаралық қаржылық талдау бойынша магистр дәрежесі және Карл Университетінің (Чех Республикасы) қаржылық математика бакалавры дәрежесі бар. Беделді CFA қаржылық сертификатына және Institute of Directors (Ұлыбритания) берген тәуелсіз директордың (Certificate in Company Direction) сертификатына ие.

Тәуелсіз директор

2024 жылдың 28 мамырынан бастап «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында.

Абдуалиев мырзаның TASKRABBIT, INC. стратегия және даму жөніндегі басшы позициясында, MCKINSEY&COMPANY аға консультант позициясында шетелде, сондай-ақ «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ-да Басқарма төрағасының орынбасары ретінде табысты тәжірибесі бар.

Қазіргі уақытта Кремний алқабында (Пало Альто, АҚШ) орналасқан Silkroad Innovation Hub-тың негізін қалаушы және бас директоры.

Абдуалиев мырзаның Кеннеди Гарвард мектебінің мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі және Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебінің іскерлік әкімшілендіру және менеджмент саласындағы ғылым магистрі дәрежесі бар.

Абдуалиев мырза сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директоры және American University of Central Asia, «Best for Kids» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып табылады.

2020 жылғы 15 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор.

Калмис мырза дамушы нарықтарға ерекше назар аудара отырып, телекоммуникация және көтерме-бөлшек сауда саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие. 2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың маусымына дейін ол Metro Cash & Carry ресейлік бөлімшесінің бас директоры болды. Бұған дейін Калмис мырза телекоммуникация секторында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде Ресей Tele2 бас директоры, WorldTelecomunicazioni басқарушы директоры, «VEON» ААҚ Мәскеу кеңсесінің басқарушы директоры қызметтерін атқарды. Калмис мырза Бэйтс университетінің (Мэн штаты, АҚШ) саясаттану және экономика саласында бакалавр дәрежесіне ие, сондай-ақ Уортон бизнес-мектебінің (Wharton School of Business) басшы кадрларын даярлау бағдарламасынан өткен.

2019 жылғы 25 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Диекторлар кеңесінің төрағасы.

Буянов мырза сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директоры және Bengala Investments директоры. 2002-2014 жылдар аралығында ол аға вице-президент және бас қаржы директоры қызметін атқарды, сондай-ақ акциялары Лондон қор биржасында бағаланатын инвестициялық қор - «Система» ААҚ Басқармасының құрамына кірді.
2014 жылдан 2016 жылға дейін Redline Capital Management S.A. инвестициялық комитетінің басқарушы директоры және басшысы болды. Буянов мырза Мәскеу физика-техникалық институтын (MFTI) «қолданбалы физика және математика» мамандығы бойынша аяқтаған, сондай-ақ Оксфорд университетінің Саид бизнес мектебінің (Said Business School) Oxford Fintech Programme түлегі болып табылады.