«Кселл» сегізінші жыл TEDxAlmaty конференциясына қолдау көрсетіп отыр. Биылғы жылы TEDxAlmaty тақырыбы зымыраған болашақ болды.
«ТEDxAlmaty идеясы: Fast Forward Future мәні ертеңгі күнге бірге көз жүгірту және біздің спикерлер осы саяхатты жасауға көмектесуге тырысты. Конференция қатысушыларымен бірге келесі сұрақтарға жауаптар табуға тырыстық, болашақты қалай сезінесіз, осы жайында не ойлайсыз, ол сіз үшін және сіздің бизнесіңіз үшін қалай көрінеді? Келесі онжылдықты қалай елестетесіз және оларды қайда инвестициялағыңыз келеді? Соңғы онжылдықта әлем түбегейлі өзгерді. Он жыл бұрын автопилотпен басқарылатын автомобильдер немесе 3D принтерде басылған дене бөлшектері болмады. Біздің қиялымыздың күші адамның даму тарихын жасай алады. Ал тарихты әңгімелеу өнері – бұл шындықты және болашақты басқарудың ең қуатты тәсілдерінің бірі», – деді TEDxAlmaty кураторы және амбассадор Лариса Пак.
Биыл конференцияға 500-ден астам адам қатысты. Әртүрлі саладағы спикерлер технологиялық прогреске, Ғарыштағы адамзаттың келешегіне, болашақ ауруларына, келешек өнеріне, киберқауіпсіздік проблемаларына және тіпті ажалсыздыққа қатысты көзқарастары туралы әңгімеледі.
8 жыл ішінде Алматы алаңындағы конференцияға 3500-ден астам адам қатысты, олар жаңа идеяларға ашық және жаңа мүмкіндіктерді көреді. Ал онлайн бейне-көрсетілімдер 500 мыңнан астам рет көрді.
«Биыл «Кселл» өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтеді, және осы жылдар ішінде біздің компания үздіксіз дамып келеді. Сондықтан біз үшін TEDxAlmaty идеясы жанымызға жақын және ішкі құндылықтарымызға үндес болып келеді. Осы конференция жылдан жылға Қазақстанда көптеген ниеттес адамдарды тапқанына қуаныштымыз. Елімізде қазірдің өзінде болашақты жақсартуға дайын спикерлердің көп болуы және қоғамда оң өзгерістерге ат салысуға дайын адамдардың болуы мені жігерлендіреді», – деп атап өтті Наталья Еськова, «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің басшысы.

