9 қазанда Қазақстанда бірегей сервисті қалай құру, жаңа клиенттерді іздеу және бұрынғы клиенттерді жоғалтып алмау туралы CRM конференция өтті. Конференция аудиториясы жетекші зор тәжірибесі бар спикерлерді тыңдауға мүмкіндік болды.
«Кселл» АҚ бизнес-нарығы маркетингінің басшысы Татьяна Плотникова конференцияда сөз сөйлеп, корпоративтік сегементте сатып алушыларды қалай тарту керектігі және B2B мен B2C клиенттердің айырмашылықтары туралы айтты.
«Табысты лидогенерация екі құраушы – креативтен әрі дұрыс таңдалған коммуникация каналдарынан тұрады. Бизнес-клиенттің жаппай нарық клиентінен біз ойлайтындай түбегейлі айырмашылығы жоқ. Бұл кәдімгідей өз мақсаты, ойы, эмоциясы бар адам. Сан алуан форматтарды пайдалану, әрдайым сараптамалар мен жеңілдіктер – бизнесте қажетті жетістіктерге жетуге көмек береді» – деп Татьяна өз сөзінде атап өтті.
«Кселл» АҚ ШОБ дамыту бойынша менеджері Олжас Акпаров бизнестің тиімділгін арттыруға көмек беретін техникалар туралы айтты.
«Бұл техникалар Қазақстан бойынша 10 000-нан астам шағын және орта бизнес өкілдерімен жұмыс нәтижесінде қалыптасқан және олар дереу нәтиже береді. Техникалар қарапайым және интуитивті түсінікті. Мысалы, сату бөлімінің қызметкері уақытын қайда жұмсайды? Бұл сұраққа жауап аса пайдалы бағытта тоғыстыруға көмек береді және қажетсіз міндеттерге уақыт жібермейді. Көп кезеңдік сату бөлімін құру, команданың нәтижелігін, сондай-ақ келіп түсетін мәмілелер және қоңыраулар санын, сондай-ақ ағымдағы базаны ұлғайтуға көмектеседі. Біздің компанияның портфелінде осыған көмек беретін өнімдер мен қызметтер бар», – деп Олжас атап өтті.
Конференция сату, маркетинг және клиентік сервис мәселелеріне арналған төрт секциядан құралды.