Алматы, 26 қазан 2018 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Kcell» немесе «Қоғам») (LSE, KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы оператор 2018 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі «Комитет») 2017 жылы өзінің үстем жағдайын теріс пайдалануға байланысты әкімшіліктік құқық бұзғаны үшін Қоғамға қатысты әкімшілік өндірісін қозғағанын мәлімдейді. Сот салуы мүмкін болжалды айыппұл сомасы шамамен 2 миллиард теңгені құрайды.
Комитеттің пікірі бойынша, құқық бұзу бонустық көлемнен асқанда және тарифтік жоспарлар бойынша ай сайынғы абоненттік төлем алынбағанда бонустық қызметтер көлемімен мобильді интернетке қолжетімділік қызметіне әртүрлі бағалар белгілеуден көрініс тапқан.
Бұдан өзге, Комитет бонустық көлемнен асқанда және мобильді интернетке қолжетімділік қызметі үшін ай сайынғы абоненттік төлем алынбаған кезде, 2017 жылы олардың шотынан алынған ақша қаражатын Kcell брендінің абоненттеріне қайтару туралы ұйғарым шығарған. Қоғам сотқа осы ұйғарымға қатысты шағым берді.
Kcell тарифтік жоспар бойынша енгізілген көлемнен артық интернет-трафикті пайдаланғаны үшін төлем алудың тәжірибесі халықаралық телекоммуникациялық саланың тәжірибесіне сәйкес келеді деп мәлімдейді және осыған байланысты Комитеттің әрекетімен келіспейді.
Қоғам тиісті тәртіпте осы жағдайға қатысты жаңартылған ақпаратты ұсынатын болады.
Анықтама үшін
| Кселл | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, қос. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Тел: +7 727 2582755Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен / Галина Кулачек |