Алматы, 12 желтоқсан 2018 ж.«Кселл» (бұдан әрі «Kcell» немесе «Қоғам») акционерлік қоғамы (LSE, KASE: KCEL) Telia Company компаниясының Kcell-дегі өз қатысу үлесін «Қазақтелеком» АҚ компаниясына сататыны туралы жариялағанын хабарлайды.
2012 жылдың аяғында Кcell IPO-ға шыққаннан кейін Telia Company-дің Қоғамдағы тікелей қатысу үлесі 24% және Fintur Holdings B.V -де (Fintur) — 58,55% құрады, өз кезегінде, оған Kcell-дің 51% акциясы тиесілі. Fintur-дағы қалған үлес Turkcell компаниясына тиесілі.
Kcell төменде мәлімдеменің мәтінін береді:
Telia Company компаниясы және Telia Company мен Turkcell компанияларының бірлескен меншігі болып табылатын Fintur Holdings B.V. (Fintur) компаниясы Қазақстанның жетекші телекоммуникациялық операторы «Кселл» АҚ-дағы өздеріне тиесілі қатысу үлесінің 75 процентін Қазақстан Республикасы үкіметінің бақылауындағы — «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық операторына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры арқылы сату туралы келісімге келді. Сондай-ақ Telia Company компаниясы Turkcell компаниясының Fintur компаниясындағы акцияларын жеке транзакция арқылы сатып алу туралы келісімге қол қойды және осылайша компанияның жалғыз акционері атанды, бұл Telia Company-дің Fintur-ден ақшаны қайтаруына мүмкіндік береді.
Telia Company мәлімдемесінің толық мәтіні
Сұраныстар үшін
| Кселл | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Тел: +7 727 2582755Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен / Галина Кулачек |
Компания туралы
Кселл мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді, сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Кселл Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 млн. дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
Алдағы уақытта Кселл Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр. Компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Кселл өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, түсім көлемі мен абоненттерінің саны бойынша мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.