«Кселл» АҚ желісіндегі мобильді интернеттің жылдамдығы ең жоғары төрт қала анықталды

«Кселл» компаниясының желісіндегі мобильді интернеттің жылдамдығы ең жоғары Қазақстан қалаларының ТОП-4-не Орал, Өскемен, Қостанай және Петропавл кірді.

Бұл қалаларда «Кселл» компаниясының желісіндегі интернеттің жылдамдығы 53 Мб/с дейін жетеді. Өлшемдер Қазақстанның барлық қалаларында техникалық департаменттің инженерлерімен жүргізілді.

«Елдің барлық аймақтары бойынша жылдамдықтарды өлшеу бойынша жұмыстардың нәтижесінде «Кселл» желісіндегі мобильді интернеттің жылдамдығы ең жоғары болып табылатын төрт қала анықталды. Ол Өскемен, Орал, Қостанай және Петропавл қалаларындағы біздің абоненттерге интернетпен барынша ыңғалы қолдануға және жақын адамдар қай жерде болмасын, олармен сезімдермен бөлісуге мүмкіндік береді. Апта сайын біздің аймақтық абоненттік бөлімдерде шамамен 700 адамға қызмет көрсетіледі. Сонымен бірге біздің кеңселерде клиенттер «Келісім-шарттық телефон» науқаны бойынша мобильді байланыстың қызметтер пакеті қосылған мобильді телефонды сатып ала алады. Қазіргі кезде activ абоненттері үшін минуттарды, ГБ және SMS** алмастыру мүмкіндігімен белгілі әлеуметтік желілерге* шектеусіз кіруге «Супер комфорт» танымал тарифтік топтамасы қол жетімді. Осы тарифтік топтаманы іске қосқаннан кейін небәрі төрт өткеннен кейін оның үлесіне барлық пакеттік ұсыныстардың 33% келеді. Биылғы жылы компания абоненттерге қызмет көрсету деңгейін жақсартуды жалғастырады және жоғары жылдамдықта және үлкен көлемде деректерді алмасуда біздің клиенттердің үнемі өсіп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 4G/LTE арқылы Интернетке кіруді ұлғайтады», – деп, «Кселл» АҚ жаппай нарықты дамыту департаментінің директоры, Хикматулла Насритдинходжаев атап өтті. 

Биылғы жылы «Кселл» АҚ жоспарларында ағымдағы желіні оңтайландыруға бағытталған қызмет және интернет жылдамдығын одан әрі арттыру қарастырылған. 500+ лицензиялық жобаның шеңберінде қосымша 2G желісімен 97 мыңнан аса адам қамтылатын болады.

Қосымша Қостанай, Петропавл, Өскемен және Орал қалаларында 2019 жылғы 9 тамызда «Кселл» АҚ тарапынан промо-компания басталатынын хабарлаймыз. Осы қалалардың тұрғындарының ең танымал демалыс орындарында мобильді интернеттің жылдамдығын өлшеуге болатын және Компаниядан сыйлықтар алуға болатын промо-аймақтар*** тұратын болады. Осындай белсенділік шеңберінде ағымдағы activ абоненттері «Супер Комфорт» тарифтік жоспарына ауыстқан жағдайда, кепілдендірілген кэшбэк алады, басқа ұялы операторлар абоненттерінің active-ке ауысуға және әлеуметтік желілерге шексіз кіруге және 12 GB интернет-трафикпен науқандық «Супер Комфорт Промо» Тарифтік жоспарын небәрі айына 995 теңгеге алуға мүмкіндіктері бар. 

 Ағымдағы жылдың шілденің соңында Компания 2019 жылдың екінші тоқсанының қорытындыларын мәлімдеді. Компанияның жаңа менеджменті өзінің бірінші есептік тоқсанында серпілісті нәтижелерін көрсетті және соңғы 5 жылға сервистік көмектің өсуін көрсетті. 

«Екінші тоқсанның қорытындылары бойынша біз серпілісті нәтижелерге жеткенімізді хабарлауға қуаныштымын, бір мезгілде келешектегі өсуге берік негіздеме жасай отырып, операциялық және қаржылық көрсеткіштер тұрақтана бастады. Алғаш рет бес жылда біз сервистік көмек бойынша көрсеткіштердегі жағымсыз трендті еңсере алдық және былтырғы жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 6,7%-ға айтарлық өскенін көрсете алдық. Екінші тоқсанда жалпы көмек көрсету 4,3%-ға өсті, ол 2013 жылдан бастап ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Бұл нәтижелерге жаңа басқармалық құраммен қол жеткізілгенін атап өткен маңызды» — деп, бас атқарушы директор және «Кселл» АҚ басқармасының төрағасы, Каспарс Кукелис атап өтті. 


Екінші тоқсанда деректерді табыстаудан табыс 14,4 пайызға 12,443 млн. теңгеге (К2 2018: 10 873) дейін өсті. Деректер трафигі 74,2 петабайтты (ПБ) құрап (К2 2018 56,8 ПБ), 30,7 пайызға өсті.

* «Супер Комфорт S», «Супер Комфорт M», «Супер Комфорт L» тарифтік жоспарларында қол жетімді

** «Супер Комфорт М», «Супер Комфорт L» тарифтік жоспарларында қол жетімді

*** Қалалардағы промо-аймақтардың мекенжайлары:

Қостанай: Kostanay Plaza СОСО, Mart СОСО, «Астыкжан» супермаркеті, «Солнечный» дүкені

Петропавл: «Рахат» СОСО, Орталық базар, «Айсберг» СҮ, «Семейный» Супермаркеті

Орал: «Колос» Орталық базары, «Сити Центр» СОСО, «Азия Молл» СОСО, Ален Плаза

Өскемен: «Император», «Заңғар» , «Дос-Нар» базары, «Темирлан» СҮ

Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры

Сабигат Маратович Қазақстандық Менеджмент, Экономика және Болжау институтын (ҚМАЭБИ) қаржы мамандығы бойынша үздік бітірді.

Қаржы және инвестициялар, бірігу және сіңіру, қаржы-экономикалық талдау, мәмілелерді құрылымдау және халықаралық портфельдік инвестицияларды басқаруды қоса алғанда, активтер портфелін басқару саласында 13 жылдан астам тәжірибесі бар.

Еңбек жолын 2011 жылы PricewaterhouseCoopers&Advisory (PWC) ЖШС-те бастаған. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да 6 жылдан астам жұмыс істеді, онда инвестициялар және бизнесті қолдау департаментінің директоры лауазымына дейін өсті.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Румынияның Бухарест қаласындағы International N.V KazMunayGaz Инвестициялар және стратегия тобының директоры болып жұмыс істеді.

Страшенко Кирилл Валерьевич 2004 жылы Алматы Энергетика және Байланыс институтын (АЭБИ), электрбайланыс инженері мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылдан 2016 жылға дейін «Кселл» АҚ-да деректерді беру жүйелерінің инженерінен бастап деректерді беру жүйелері бөлімінің бастығына дейін түрлі қызметтерді атқарды. 2016-2018 жылдар аралығында желі және АТ инфрақұрылымы менеджері қызметін атқарды, сондай-ақ «Кар-Тел» ЖШС-мен бірлескен LTE желісі құрылысының жобалық жетекшісі лауазымына тағайындалды. 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін техникалық директордың орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдан 2022 жылдың мамырына дейін Желіні дамыту менеджері қызметін атқарды. 2019 жылы «Құрметті Байланысшы» мемлекеттік марапатына ие болды.

Басқарма мүшесі, Корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директор

2016 жылы Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде магистратураны бітіріп, Чикаго Университеті жанындағы Booth School of Business-те MBA дәрежесін алды.

Қаржы нарықтарының, корпоративтік қаржының, тәуекелдерді басқарудың, операциялар мен сатып алулардың әртүрлі салаларында 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Өзінің еңбек жолында корпоративтік стратегияларды ойдағыдай әзірлеп, енгізді, компаниялардың қаржылық портфельдерін жақсартты және пайданың өсуіне ықпал ете отырып, операциялық процестерді оңтайландырды.

Даурен Мухамедкалиевич мансабын 2008 жылы Eurasian Capital JSC компаниясында Қазақстанның бағалы қағаздар нарығындағы жетекші брокер позициясынан бастады. 2018 жылы «Кселл» АҚ қаржы директорының орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылдан бастап «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (Астана, Қазақстан) Басқарма Төрағасы орынбасары басшылық позициясында болды.

Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директор

Асқар Серікұлы 2024 жылғы 15 шілдеден бастап «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры, Басқарма Төрағасы лауазымына сайланды.

Алматы энергетика және байланыс институтының «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» мамандығы бойынша түлегі, Манчестер университетінің «Менеджмент және ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистр дәрежесі және «Саид» бизнес-мектебінің ұйымдастырушылық көшбасшылық бойынша дипломы бар.

Өз мансабын «Эйр Қазақстан» әуекомпаниясында байланыс техникасынан бастаған, бірнеше жыл «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-де (Tele2/Altel) инженер болып жұмыс істеген, «HSBC Қазақстан банкінде» жұмыс істеген, онда стратегиямен, бизнес-процестерді трансформациялаумен айналысқан, BI Group еншілес компаниясы «Beintech» ЖШС-те де осындай қызметтермен айналысқан, «Qazkom» АҚ Клиенттік тәжірибені дамыту департаментіне басшылық етті, «Қазақстанның Даму банкінде» жұмыс істеді, онда әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды, елдің Ұлттық Банкінің төлем жүйелерін басқару және дамыту департаменті директорының орынбасары болды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі ретіндегі соңғы лауазымында мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауға, бизнес-процестерді реинжинирингтеуге және деректерді басқаруға жауапты болды.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2024 жылғы 26 қыркүйекте Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Алибек Индыкбаева қаржы және телекоммуникация саласында екі жоғары білімі және 19 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар.

Өзінің мансабын 2005 жылы ақпараттық технологиялар саласында бастаған, кейіннен «KazTransCom» АҚ сияқты ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған, «Altyn Bank» АҚ ІТ бойынша басқарма төрағасының кеңесшісі рөлінде болған.

Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ басқарма мүшесі, сондай-ақ Корпоративтік бизнес бойынша дивизионның Бас директоры позициясында.

2008 жылы Тұран университетін «Қаржы» мамандығы бойынша және 2018 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бітірген.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2024 жылғы 26 қыркүйекте Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Мейрамов Ержан Болатович еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде бастады, Қазақстан Даму Банкінде, «Астана ЭКСПО- 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ, Qazkom, «Fincraft» инвестициялық үйі» АҚ, «Кселл» АҚ-да басшылық қызметтерді атқарды.

2021 жылы ҚР Цифрлық Даму және Аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Ержан Болатович Лондон корольдік колледжін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірді.

14.10.2022 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Сергей Валерьевич «Кселлдің» тәуелсіз директоры және 2025 жылдың 27 мамырында Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 3 жылға сайланды.

Ельцов мырза заң құқығы және корпоративтік басқару саласында айтарлықтай үлкен тәжірибеге ие. 2008 жылдан бастап ол «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «БТА Банк» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ қоса алғанда, бірқатар жетекші қазақстандық компанияларда басшылық қызметтерді атқарды.

2017 жылғы қарашадан 2022 жылға дейінгі кезеңде «Қазақалтын» ТМК» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болды.

Сергей Валерьевич Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «халықаралық заңгер» мамандығы бойынша бітіріп, Алматы экономика және статистика академиясында экономикалық білім алды. 2007 жылы «Компанияларды басқару: ең жаңа технологиялар» MBA Executive education бағдарламасынан өтті.

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Өтемұрат мырза «Кселлдің» тәуелсіз директоры ретінде 2025 жылдың 27 мамырында Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 3 жылға сайланды.

Өзінің мансабын 2003 жылы Ernst&Young Kazakhstan компаниясында аудит бойынша қызметкер болып бастаған. 2008 жылдан бастап «Қазына» орнықты даму қорында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында, Қазақстанның Даму банкінде, БТА Банкте және басқаларында басшылық орындарда болды.  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясын басқарған.

ҚМЭБИ-ді «Іскерлік әкімшілендіру және бухгалтерлік есеп» (қаржы) мамандығы бойынша үздік бітірген. 2013 жылы ол Лондон бизнес мектебінде (London Business School) Sloan бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алды.

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Миржан Елдесович «Кселлдің» тәуелсіз директоры және 2025 жылдың 27 мамырында Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 3 жылға сайланды.

Қарақұлов мырза әр түрлі жылдары ҚР Ұлттық банкінде, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да басқарма төрағасының тәуекел-менеджмент бағыты бойынша орынбасары болды, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-да Тәуекелдерді басқару департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің тәуелсіз бағалау бөлімшесінің консультанты.

Қарақұлов мырза Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының (ҚМЭБИ) түлегі, «Болашақ» халықаралық президенттік бағдарламасының стипендиаты, Vanderbilt University (АҚШ) экономика саласындағы магистр дәрежесімен үздік бітірді. 2022 жылы Гарвард университетінің Джон Ф.Кеннеди атындағы басқару мектебінде (Harvard Kennedy School) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Диекторлар кеңесінің төрағасы

Артур Викторович Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады және «Кселл» тәуелсіз директоры. 2025 жылғы 27 мамырда Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 3 жылға сайланды.

Неупокоев мырза өзінің телекоммуникация саласындағы мансабын 1994 жылы Алматы қаласындағы Халықаралық қалааралық телефон станциясының өндірістік зертханасының инженері қызметінде бастады. «Қазақтелеком» АҚ-да 20 жылдан астам басқару тәжірибесі бар, онда корпоративтік сатуды дамытумен айналысқан.

2023 жылдың шілдесінен бастап «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде кіреді.

Артур Викторович Қазақ политехникалық институтын «Металлургия процестерінің физика-химиялық зерттеулері» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Қазақстан Республикасының «Үздік байланысшы» салалық құрметті марапатымен марапатталған.

Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор

Затилда Керей Жұмабекұлы Алматы энергетика және байланыс университетін екі мамандық бойынша бітірді: «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» және «Байланыс кәсіпорнындағы экономика және менеджмент», тиісінше «Электр байланысы инженері» және «Инженер-экономист» біліктіліктеріне ие болды.

Еңбек жолын 2004 жылы «Кселл» АҚ-да бастады, онда 17 жыл ішінде инженерден аймақтық техникалық департаменттердің басшысына дейін көтерілді. Қазақстанның түрлі өңірлерінде жұмыс істей отырып, ол телекоммуникациялық желілерді, соның ішінде 2G, 3G, 4G және WIMAX технологияларын пайдалану мен дамыту саласында бай тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ, радио желілерін жоспарлауда, мердігерлік ұйымдарды басқаруда және техникалық командаларға басшылық жасауда айтарлықтай тәжірибесі болды.

2021-2023 жылдар аралығында «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасының орынбасары - техникалық директоры қызметін атқарды. Осы позицияда ол телерадио хабарларын тарату желілерін дамыту жөніндегі стратегияларды іске асыруға, инновациялық технологияларды енгізуге және мемлекеттік жобаларды орындауға жетекшілік етті.

2023 жылдың маусым айында Затилда Керей Жұмабекұлы «Мемлекеттік Радиожиілік қызметі» РММ бас директорының орынбасары болып тағайындалды. Осы лауазымында ол радиожиілік спектрінің мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастырды, радиоэлектрондық құралдарды пайдаланудағы бұзушылықтарды анықтады және байланыс сапасын талдаумен айналысты.

Затилда Керей Жұмабекұлының еңбек өтілі 20 жыл, оның ішінде 15 жылдан астам басшылық қызметте болды. Осы уақыт ішінде ол күрделі техникалық жобаларды іске асыруға және елдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын жаңартуға елеулі үлес қосты.

Байланыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген байланысшысы» құрметті атағымен марапатталды.

Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор

Қазбек Бекжанович коммерциялық секторда 27 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде 23 жылы басшылық қызметте болды. Оның кәсіби жолы бірнеше саланы қамтиды: FMCG және бөлшек сауда саласында 10 жыл, телекоммуникация саласында 14 жыл және дағдарыс-менеджментке маманданған консультациялық бизнесте 3 жыл.

Шаимов мырза С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің түлегі. «Кселл» компаниясындағы мансабы 2008 жылы Бөлшек сауда бөлімі басшысының позициясынан басталды. Компанияның Семей, Ақтөбе және Астанада филиалдарын басқарған. Оның тәжірибесі бөлшек және бизнес-сегменттер үшін жаңа өнімдерді табысты іске қосуды, сондай-ақ сату процестерін оңтайландыруды және шалғайдағы да, сондай-ақ оффайн-арналарда да клиенттерге қызмет көрсетуді жақсартуды қамтиды.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер KC Holding Ltd-нің өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2023 жылғы 29 қарашада Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Керейбаев мырзаның ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар, экономикалық талдау және жоспарлау, қаржы салаларында үлкен тәжірибесі бар.

2018-2021 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

2021 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да модернизация бағдарламасы бойынша басқарушы директор болып жұмысқа ауысып, кейін көмекші функцияларды дамыту жөніндегі директор болып тағайындалды.

Керейбаев Даурен Жумагалиевич Новосібір Мемлекеттік Университетін механика және қолданбалы математика мамандығы бойынша (1992) және Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын қаржы және кредит мамандығы бойынша (1998) бітірген.

2018 жылы The University of Chicago Booth-да (АҚШ) Executive MBA бағдарламасы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Еңбек сіңірген қаржы маманы» қоғамдық орденімен марапатталған.

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

2023 жылдың 29 қарашасынан бастап «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында.

Жамалов мырза қаржы саласында, оның ішінде «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ,  ING Bank N.V. Лондон кеңсесінде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде, сондай-ақ Қазақстандағы ING Bank N.V. өкілдігінде қомақты тәжірибеге ие.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Орталық Азиядағы Mastercard Бас директоры қызметіне тағайындалды, сондай-ақ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Bolashaq Investments» тәуелсіз директоры; «Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры; «Отбасы банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры; Директорлар кеңесінің мүшесі, «Jusan Invest» АҚ тәуелсіз директоры ретінде тағайындалған. Телекоммуникация саласына 2014 жылы «Қазақтелеком» АҚ жобалық қаржыландыру департаментінің бас менеджері лауазымына келді, сондай-ақ «KazSatNet» ұлттық компаниясы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болды.

Жамалов мырзаның Кембридж Университетінің (Ұлыбритания) Executive MBA дәрежесі, Ньюкасл Университетінің (Ұлыбритания) халықаралық қаржылық талдау бойынша магистр дәрежесі және Карл Университетінің (Чех Республикасы) қаржылық математика бакалавры дәрежесі бар. Беделді CFA қаржылық сертификатына және Institute of Directors (Ұлыбритания) берген тәуелсіз директордың (Certificate in Company Direction) сертификатына ие.

Тәуелсіз директор

2024 жылдың 28 мамырынан бастап «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында.

Абдуалиев мырзаның TASKRABBIT, INC. стратегия және даму жөніндегі басшы позициясында, MCKINSEY&COMPANY аға консультант позициясында шетелде, сондай-ақ «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ-да Басқарма төрағасының орынбасары ретінде табысты тәжірибесі бар.

Қазіргі уақытта Кремний алқабында (Пало Альто, АҚШ) орналасқан Silkroad Innovation Hub-тың негізін қалаушы және бас директоры.

Абдуалиев мырзаның Кеннеди Гарвард мектебінің мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі және Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебінің іскерлік әкімшілендіру және менеджмент саласындағы ғылым магистрі дәрежесі бар.

Абдуалиев мырза сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директоры және American University of Central Asia, «Best for Kids» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып табылады.

2020 жылғы 15 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор.

Калмис мырза дамушы нарықтарға ерекше назар аудара отырып, телекоммуникация және көтерме-бөлшек сауда саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие. 2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың маусымына дейін ол Metro Cash & Carry ресейлік бөлімшесінің бас директоры болды. Бұған дейін Калмис мырза телекоммуникация секторында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде Ресей Tele2 бас директоры, WorldTelecomunicazioni басқарушы директоры, «VEON» ААҚ Мәскеу кеңсесінің басқарушы директоры қызметтерін атқарды. Калмис мырза Бэйтс университетінің (Мэн штаты, АҚШ) саясаттану және экономика саласында бакалавр дәрежесіне ие, сондай-ақ Уортон бизнес-мектебінің (Wharton School of Business) басшы кадрларын даярлау бағдарламасынан өткен.

2019 жылғы 25 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Диекторлар кеңесінің төрағасы.

Буянов мырза сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директоры және Bengala Investments директоры. 2002-2014 жылдар аралығында ол аға вице-президент және бас қаржы директоры қызметін атқарды, сондай-ақ акциялары Лондон қор биржасында бағаланатын инвестициялық қор - «Система» ААҚ Басқармасының құрамына кірді.
2014 жылдан 2016 жылға дейін Redline Capital Management S.A. инвестициялық комитетінің басқарушы директоры және басшысы болды. Буянов мырза Мәскеу физика-техникалық институтын (MFTI) «қолданбалы физика және математика» мамандығы бойынша аяқтаған, сондай-ақ Оксфорд университетінің Саид бизнес мектебінің (Said Business School) Oxford Fintech Programme түлегі болып табылады.