Алматы, 5 маусым 2020 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») акционерлік қоғамы (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы операторы, 9 млрд. теңге мөлшерінде жылдық дивидендті немесе бір қарапайым акцияға 45 теңге төлейтінін хабарлайды (бір қарапайым акция бір ЖДҚ-ға сай келеді).
2020 жылғы 28 мамырда Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (АЖЖЖ) 9 млрд. теңгені немесе бір жай акцияға 45 теңгені құрайтын шоғырландырылған таза табыстың 89 пайызын бөліп тарату бөлу туралы шешім қабылдады. Дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2020 жылғы 31 мамырдағы жағдай бойынша жасалды. Дивидендтерді төлеу сомаларды акционерлердің банктік шоттарына аудару арқылы қолма-қол төленбейтін нысанда бір төлеммен жүзеге асырылды.
Анықтама үшін
Kcell | |
Инвесторлармен байланыс | |
Ирина Шоль | Тел: +7 727, 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
Халықаралық БАҚ | |
Instinctif Partners | Tel: +44 207 457 2020 |
Кей Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.