Алматы, 12 сәуір 2021 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») акционерлік қоғамы (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Қазақстанның телекоммуникация нарығының көшбасшысы, Компанияның Директорлар кеңесі Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына (АЖЖЖ) 2020 жылғы нәтижелер бойынша 17 578 млн. теңге немесе бір қарапайым акция немесе жаһандық депозитарлық қолхат (ЖДҚ) үшін 87,89 теңге құрайтын біріктірілген таза табыстың 100% мөлшерінде жылдық дивиденд төлеуге кеңес бергенін жариялайды.
Дивидендтер алуға құқылы Акционерлердің тіркелімін жабудың болжалды күні — АЖЖЖ өткізілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күні (Алматы уақытымен сағ. 00:00). Дивидендтер төлей бастаудың болжалды күні – 2020 жыл нәтижелері бойынша дивидендтер алуға құқылы акционерлердің тізімін бекіткен күннен кейінгі бірінші жұмыс күні және отыз күндтізбелік күн ішінде.
Дивидендтерді төлеудің ұсынылып отырған тәртібі – бір жолғы төлеммен, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу нысаны төлем агенті – «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ арқылы, ал жаһандық депозитарлық қолхаттар бойынша – тікелей Kcell арқылы, қаражатты банк шотына аудару жолымен қолма-қол ақшасыз төлеммен жүргізіледі.
Дивидендтің сомасы, дивидендтер алуға құқылы акционерлердің тізілімін жабудың болжалды күні және дивидендтерді төлей бастаудың болжалды күні АЖЖЖ-да Компания акционерлерінің бекітуіне жатады.
АЖЖЖ өткізу күні мен уақыты туралы қосымша хабарланады.
Байланыс деректері | |
Инвесторлармен байланыс | |
Ирина Шоль | тел: +7 727 2582755 ішкі тел. 1002Investor_relations@kcell.kz |
Халықаралық БАҚ | |
Instinctif Partners | тел: +44 207 457 2020 |
Кэй Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.