Алматы, 2023 жылғы 20 Cәуір – Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің (2023 жылғы 18 сәуірдегі шешімі, № 2023/04/05-BoD хаттамасы) 2023 жылғы 18 мамырда шақырылған акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін келесі мәселелермен толықтырғанын хабарлайды: Акционерлердің «Кселл» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне арыздары және оларды қарау қорытындылары туралы».
Байланыс
Биржамен жұмыс жөніндегі уәкілетті тұлға
Дамир Муллашев
+77012404694
Компания туралы
Kcell-цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс және тіркелген байланыстың конвергентті қызметтерін (FMC), деректерді беру және Интернетке қолжетімділікті, қаржы сервистерін, цифрлық сервистерді және мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграция, заттар интернеті, машинааралық өзара іс-қимыл саласындағы ат-шешімдерді (machine to machine) ұсыну, ірі телекоммуникациялық қызметтерді жинау және деректер өңдеу және бұлтты есептеу жөніндегі қазақстандық оператор. Смартфон+тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы жетекші оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдерді әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ең ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания В2В нарығында тік, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен жетекші орын алады. 4G/LTE желісінің қамту аймағы Қазақстан Республикасы халқының 67,5%-ын қамтиды және жоғары сапалы қызметтерді қамтамасыз етеді.
Компания Kcell және activ брендтерін ұсынады, олар тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында бәсекеге қабілетті телекоммуникация нарықтарында зор бәсекелестік танытуда. Нақты мультибрендтік архитектураның арқасында Kcell пакеттік қызметтерге, клиенттік базаның рентабельділігін басқаруға және желі сапасына қатысты оңтайлы баға белгілеу есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттырады.