Алматы, 19 мамыр 2023 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Компания») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы ұялы байланыс операторларының бірі, 2023 жылғы 18 мамырда өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының (АЖЖЖ) нәтижелерін жариялайды
АЖЖЖ күн тәртібінде мынадай мәселелер қамтылды:
1. «Кселл» АҚ 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
2. «Кселл» АҚ-ның 2022 қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы және бір жай акцияға есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
3. Акционерлердің «Кселл» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
АЖЖЖ қарапайым көпшілік дауыспен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылдады:
1. «Кселл» АҚ-ның 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылға аудиттелген Жеке және шоғырланған қаржылық есептері (ХҚЕС) бекітілсін.
2. «Кселл» АҚ-ның 2022 қаржылық жылындағы таза табысы бөлінбесін және «Кселл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төленбесін.
3. Акционерлердің «Кселл» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының 2022 жылғы іс-әрекеттеріне өтініштері туралы ақпарат назарға алынсын.
Анықтама үшін:
Биржамен жұмыс жөніндегі уәкілетті тұлға
Дамир Муллашев
Компания туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.