2022

«Кселл» АҚ атқарушы органының құрамын өзгерту туралы

Алматы, 7 желтоқсан 2022 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ұялы байланыстың жетекші операторларының бірі өз акционерлері мен инвесторларын Kcell директорлар кеңесінің келесі шешімдерді қабылдағанын хабарлайды: «Кселл» АҚ Басқармасының өзгертілген құрамы: Компания туралы Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, …

«Кселл» АҚ атқарушы органының құрамын өзгерту туралы Read More »

«Кселл» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

Алматы, 8 қараша 2022 –  «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторларының бірі, Қоғам Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 13 желтоқсанда сағ.11:00-де (Алматы уақыты бойынша) келесі мекенжайда «Кселл» АҚ Акционерлерінің  кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешімін хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әлімжанов к-сі, 51 Акционерлердің кезектен тыс жалпы …

«Кселл» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама Read More »

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің дивидендтер туралы шешімі

Алматы, 2022 жылғы 10 қараша «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі  «Kcell»  немесе «Компания») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторлардың бірі, Компанияның Директорлар Кеңесі 2022 жылғы 8 қарашадағы шешімімен 3600 – 3700 МГц және 3700 – 3800 МГц ауқымындағы радиожиіліктерге аукцион нәтижелерін алғанға дейін өткен кезеңдердің бөлінбеген пайдасын бөлу бойынша ұсыныс беру туралы мәселені қарауды …

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің дивидендтер туралы шешімі Read More »

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің дивидендтер туралы шешімі

Алматы, 2022 жылғы 20 қыркүйек  «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі  «Kcell»  немесе «Компания») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы операторлардың бірі, Компанияның Директорлар Кеңесі 2022 жылғы 15 қыркүйекте өткен кезеңдердің бөлінбеген пайдасын дивидендтер түрінде бөлу жөніндегі мәселені қарауды 2022 жылғы 1 қарашаға дейін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды. Осы мәселені қарау үшін Компанияның 2022 жылғы …

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің дивидендтер туралы шешімі Read More »

«Кселл» АҚ атқарушы органының құрамын өзгерту туралы

Алматы, 16 қыркүйек 2022 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ұялы байланыстың жетекші операторларының бірі өз акционерлері мен инвесторларын Kcell директорлар кеңесінің келесі шешімдерді қабылдағанын хабарлайды: «Кселл» АҚ Басқармасының өзгертілген құрамы: Басқарманың жаңа мүшесінің қысқаша өмірбаяны төменде келтірілген: Амардинов Малик Алимжановичтің 2 жоғары білімі бар 2008 жылы …

«Кселл» АҚ атқарушы органының құрамын өзгерту туралы Read More »

«Кселл» АҚ акционерлері 2021 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылдады

Алматы, 20 мамыр 2022 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell», «Компания» немесе «Қоғам») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы операторлардың бірі, ағымдағы жылдың 19 мамырында өткен «Кселл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының («АЖЖЖ») отырысында 2021 жылдың қорытындысы бойынша пайданы дивидендтерге бөлуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды. АЖЖЖ-да «Кселл» АҚ ірі акционері …

«Кселл» АҚ акционерлері 2021 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылдады Read More »

«Кселл» АҚ 2022 жылы өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындыларын жариялайды

Алматы, 20 мамыр 2022 жыл «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам») (KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторлардың бірі, 2022 жылғы 19 мамырда өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының (АЖЖЖ) қорытындыларын хабарлайды. АЖЖЖ күн тәртібінде мынадай мәселелер қамтылды: АЖЖЖ қарапайым көпшілік дауыспен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылдады: 3.2. «Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне Қоғамның 2022 жылдың …

«Кселл» АҚ 2022 жылы өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындыларын жариялайды Read More »

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

Алматы, 19 сәуір 2022 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell», «Компания» немесе «Қоғам») (KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторларының бірі, Қоғам Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 19 мамырда сағ.11:00-де (Алматы уақыты бойынша) келесі мекенжайда «Кселл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы шешімін хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әлімжанов к-сі, 51 Акционерлердің жылдық жалпы …

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама Read More »

«Кселл» АҚ атқарушы органы құрамының өзгеруі туралы

Алматы, 18 сәуір 2022 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ұялы байланыстың жетекші операторларының бірі өз акционерлері мен инвесторларын 2022 жылдың 15 сәуірінде Компанияның директорлар кеңесінің келесі шешімдерді қабылдағанын хабарлайды: «Кселл» АҚ Басқармасының өзгертілген құрамы: Өзгерістерге «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директоры Юрий Евгеньевич Харламов …

«Кселл» АҚ атқарушы органы құрамының өзгеруі туралы Read More »

Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамынан шығу

Алматы, 15 сәуір 2022 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші ұялы байланыс операторларының бірі, Директорлар кеңесінің мүшесі тәуелсіз директор Найзабеков Тимур Курмангазиевичтің Қоғамды 2022 жылғы 14-сәуірден бастап «Кселл» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамынан шығатыны туралы хабардар еткенін мәлімдейді. Кселл Директорлар кеңесінің ағымдағы мүшелері: Анықтама үшін: Инвесторлармен байланыс   Ирина …

Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамынан шығу Read More »

Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры

Сабигат Маратович Қазақстандық Менеджмент, Экономика және Болжау институтын (ҚМАЭБИ) қаржы мамандығы бойынша үздік бітірді.

Қаржы және инвестициялар, бірігу және сіңіру, қаржы-экономикалық талдау, мәмілелерді құрылымдау және халықаралық портфельдік инвестицияларды басқаруды қоса алғанда, активтер портфелін басқару саласында 13 жылдан астам тәжірибесі бар.

Еңбек жолын 2011 жылы PricewaterhouseCoopers&Advisory (PWC) ЖШС-те бастаған. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да 6 жылдан астам жұмыс істеді, онда инвестициялар және бизнесті қолдау департаментінің директоры лауазымына дейін өсті.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Румынияның Бухарест қаласындағы International N.V KazMunayGaz Инвестициялар және стратегия тобының директоры болып жұмыс істеді.

Страшенко Кирилл Валерьевич 2004 жылы Алматы Энергетика және Байланыс институтын (АЭБИ), электрбайланыс инженері мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылдан 2016 жылға дейін «Кселл» АҚ-да деректерді беру жүйелерінің инженерінен бастап деректерді беру жүйелері бөлімінің бастығына дейін түрлі қызметтерді атқарды. 2016-2018 жылдар аралығында желі және АТ инфрақұрылымы менеджері қызметін атқарды, сондай-ақ «Кар-Тел» ЖШС-мен бірлескен LTE желісі құрылысының жобалық жетекшісі лауазымына тағайындалды. 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін техникалық директордың орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдан 2022 жылдың мамырына дейін Желіні дамыту менеджері қызметін атқарды. 2019 жылы «Құрметті Байланысшы» мемлекеттік марапатына ие болды.

Басқарма мүшесі, Корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директор

2016 жылы Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде магистратураны бітіріп, Чикаго Университеті жанындағы Booth School of Business-те MBA дәрежесін алды.

Қаржы нарықтарының, корпоративтік қаржының, тәуекелдерді басқарудың, операциялар мен сатып алулардың әртүрлі салаларында 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Өзінің еңбек жолында корпоративтік стратегияларды ойдағыдай әзірлеп, енгізді, компаниялардың қаржылық портфельдерін жақсартты және пайданың өсуіне ықпал ете отырып, операциялық процестерді оңтайландырды.

Даурен Мухамедкалиевич мансабын 2008 жылы Eurasian Capital JSC компаниясында Қазақстанның бағалы қағаздар нарығындағы жетекші брокер позициясынан бастады. 2018 жылы «Кселл» АҚ қаржы директорының орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылдан бастап «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (Астана, Қазақстан) Басқарма Төрағасы орынбасары басшылық позициясында болды.

Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директор

Асқар Серікұлы 2024 жылғы 15 шілдеден бастап «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры, Басқарма Төрағасы лауазымына сайланды.

Алматы энергетика және байланыс институтының «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» мамандығы бойынша түлегі, Манчестер университетінің «Менеджмент және ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистр дәрежесі және «Саид» бизнес-мектебінің ұйымдастырушылық көшбасшылық бойынша дипломы бар.

Өз мансабын «Эйр Қазақстан» әуекомпаниясында байланыс техникасынан бастаған, бірнеше жыл «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-де (Tele2/Altel) инженер болып жұмыс істеген, «HSBC Қазақстан банкінде» жұмыс істеген, онда стратегиямен, бизнес-процестерді трансформациялаумен айналысқан, BI Group еншілес компаниясы «Beintech» ЖШС-те де осындай қызметтермен айналысқан, «Qazkom» АҚ Клиенттік тәжірибені дамыту департаментіне басшылық етті, «Қазақстанның Даму банкінде» жұмыс істеді, онда әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды, елдің Ұлттық Банкінің төлем жүйелерін басқару және дамыту департаменті директорының орынбасары болды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі ретіндегі соңғы лауазымында мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауға, бизнес-процестерді реинжинирингтеуге және деректерді басқаруға жауапты болды.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2024 жылғы 26 қыркүйекте Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Алибек Индыкбаева қаржы және телекоммуникация саласында екі жоғары білімі және 19 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар.

Өзінің мансабын 2005 жылы ақпараттық технологиялар саласында бастаған, кейіннен «KazTransCom» АҚ сияқты ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған, «Altyn Bank» АҚ ІТ бойынша басқарма төрағасының кеңесшісі рөлінде болған.

Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ басқарма мүшесі, сондай-ақ Корпоративтік бизнес бойынша дивизионның Бас директоры позициясында.

2008 жылы Тұран университетін «Қаржы» мамандығы бойынша және 2018 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бітірген.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2024 жылғы 26 қыркүйекте Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Мейрамов Ержан Болатович еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде бастады, Қазақстан Даму Банкінде, «Астана ЭКСПО- 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ, Qazkom, «Fincraft» инвестициялық үйі» АҚ, «Кселл» АҚ-да басшылық қызметтерді атқарды.

2021 жылы ҚР Цифрлық Даму және Аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Ержан Болатович Лондон корольдік колледжін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірді.

14.10.2022 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.

Тәуелсіз директор

2024 жылдың 28 мамырынан бастап «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында.

Абдуалиев мырзаның TASKRABBIT, INC. стратегия және даму жөніндегі басшы позициясында, MCKINSEY&COMPANY аға консультант позициясында шетелде, сондай-ақ «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ-да Басқарма төрағасының орынбасары ретінде табысты тәжірибесі бар.

Қазіргі уақытта Кремний алқабында (Пало Альто, АҚШ) орналасқан Silkroad Innovation Hub-тың негізін қалаушы және бас директоры.

Абдуалиев мырзаның Кеннеди Гарвард мектебінің мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі және Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебінің іскерлік әкімшілендіру және менеджмент саласындағы ғылым магистрі дәрежесі бар.

Абдуалиев мырза сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директоры және American University of Central Asia, «Best for Kids» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып табылады.

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

2023 жылдың 29 қарашасынан бастап «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында.

Жамалов мырза қаржы саласында, оның ішінде «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ,  ING Bank N.V. Лондон кеңсесінде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде, сондай-ақ Қазақстандағы ING Bank N.V. өкілдігінде қомақты тәжірибеге ие.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Орталық Азиядағы Mastercard Бас директоры қызметіне тағайындалды, сондай-ақ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Bolashaq Investments» тәуелсіз директоры; «Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры; «Отбасы банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры; Директорлар кеңесінің мүшесі, «Jusan Invest» АҚ тәуелсіз директоры ретінде тағайындалған. Телекоммуникация саласына 2014 жылы «Қазақтелеком» АҚ жобалық қаржыландыру департаментінің бас менеджері лауазымына келді, сондай-ақ «KazSatNet» ұлттық компаниясы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болды.

Жамалов мырзаның Кембридж Университетінің (Ұлыбритания) Executive MBA дәрежесі, Ньюкасл Университетінің (Ұлыбритания) халықаралық қаржылық талдау бойынша магистр дәрежесі және Карл Университетінің (Чех Республикасы) қаржылық математика бакалавры дәрежесі бар. Беделді CFA қаржылық сертификатына және Institute of Directors (Ұлыбритания) берген тәуелсіз директордың (Certificate in Company Direction) сертификатына ие.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер Есенов Галимжан Шахмардановичтің өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2023 жылғы 29 қарашада Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Керейбаев мырзаның ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар, экономикалық талдау және жоспарлау, қаржы салаларында үлкен тәжірибесі бар.

2018-2021 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

2021 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да модернизация бағдарламасы бойынша басқарушы директор болып жұмысқа ауысып, кейін көмекші функцияларды дамыту жөніндегі директор болып тағайындалды.

Керейбаев Даурен Жумагалиевич Новосібір Мемлекеттік Университетін механика және қолданбалы математика мамандығы бойынша (1992) және Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын қаржы және кредит мамандығы бойынша (1998) бітірген.

2018 жылы The University of Chicago Booth-да (АҚШ) Executive MBA бағдарламасы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Еңбек сіңірген қаржы маманы» қоғамдық орденімен марапатталған.

Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор

Қазбек Бекжанович коммерциялық секторда 27 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде 23 жылы басшылық қызметте болды. Оның кәсіби жолы бірнеше саланы қамтиды: FMCG және бөлшек сауда саласында 10 жыл, телекоммуникация саласында 14 жыл және дағдарыс-менеджментке маманданған консультациялық бизнесте 3 жыл.

Шаимов мырза С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің түлегі. «Кселл» компаниясындағы мансабы 2008 жылы Бөлшек сауда бөлімі басшысының позициясынан басталды. Компанияның Семей, Ақтөбе және Астанада филиалдарын басқарған. Оның тәжірибесі бөлшек және бизнес-сегменттер үшін жаңа өнімдерді табысты іске қосуды, сондай-ақ сату процестерін оңтайландыруды және шалғайдағы да, сондай-ақ оффайн-арналарда да клиенттерге қызмет көрсетуді жақсартуды қамтиды.

Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор

Затилда Керей Жұмабекұлы Алматы энергетика және байланыс университетін екі мамандық бойынша бітірді: «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» және «Байланыс кәсіпорнындағы экономика және менеджмент», тиісінше «Электр байланысы инженері» және «Инженер-экономист» біліктіліктеріне ие болды.

Еңбек жолын 2004 жылы «Кселл» АҚ-да бастады, онда 17 жыл ішінде инженерден аймақтық техникалық департаменттердің басшысына дейін көтерілді. Қазақстанның түрлі өңірлерінде жұмыс істей отырып, ол телекоммуникациялық желілерді, соның ішінде 2G, 3G, 4G және WIMAX технологияларын пайдалану мен дамыту саласында бай тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ, радио желілерін жоспарлауда, мердігерлік ұйымдарды басқаруда және техникалық командаларға басшылық жасауда айтарлықтай тәжірибесі болды.

2021-2023 жылдар аралығында «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасының орынбасары - техникалық директоры қызметін атқарды. Осы позицияда ол телерадио хабарларын тарату желілерін дамыту жөніндегі стратегияларды іске асыруға, инновациялық технологияларды енгізуге және мемлекеттік жобаларды орындауға жетекшілік етті.

2023 жылдың маусым айында Затилда Керей Жұмабекұлы «Мемлекеттік Радиожиілік қызметі» РММ бас директорының орынбасары болып тағайындалды. Осы лауазымында ол радиожиілік спектрінің мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастырды, радиоэлектрондық құралдарды пайдаланудағы бұзушылықтарды анықтады және байланыс сапасын талдаумен айналысты.

Затилда Керей Жұмабекұлының еңбек өтілі 20 жыл, оның ішінде 15 жылдан астам басшылық қызметте болды. Осы уақыт ішінде ол күрделі техникалық жобаларды іске асыруға және елдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын жаңартуға елеулі үлес қосты.

Байланыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген байланысшысы» құрметті атағымен марапатталды.

Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

2020 жылғы 15 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор.

Калмис мырза дамушы нарықтарға ерекше назар аудара отырып, телекоммуникация және көтерме-бөлшек сауда саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие. 2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың маусымына дейін ол Metro Cash & Carry ресейлік бөлімшесінің бас директоры болды. Бұған дейін Калмис мырза телекоммуникация секторында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде Ресей Tele2 бас директоры, WorldTelecomunicazioni басқарушы директоры, «VEON» ААҚ Мәскеу кеңсесінің басқарушы директоры қызметтерін атқарды. Калмис мырза Бэйтс университетінің (Мэн штаты, АҚШ) саясаттану және экономика саласында бакалавр дәрежесіне ие, сондай-ақ Уортон бизнес-мектебінің (Wharton School of Business) басшы кадрларын даярлау бағдарламасынан өткен.

2019 жылғы 25 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Диекторлар кеңесінің төрағасы.

Буянов мырза сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директоры және Bengala Investments директоры. 2002-2014 жылдар аралығында ол аға вице-президент және бас қаржы директоры қызметін атқарды, сондай-ақ акциялары Лондон қор биржасында бағаланатын инвестициялық қор - «Система» ААҚ Басқармасының құрамына кірді.
2014 жылдан 2016 жылға дейін Redline Capital Management S.A. инвестициялық комитетінің басқарушы директоры және басшысы болды. Буянов мырза Мәскеу физика-техникалық институтын (MFTI) «қолданбалы физика және математика» мамандығы бойынша аяқтаған, сондай-ақ Оксфорд университетінің Саид бизнес мектебінің (Said Business School) Oxford Fintech Programme түлегі болып табылады.