2019

2017 қаржы жылына дивидендтерді төлеу бойынша ұсыныс

Алматы, 2018 жыл 19 сәуір — нарықтағы үлесі мен абоненттер саны бойынша Қазақстанның телекоммуникация нарығының көшбасшысы, «Кселл» Акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Компания», LSE, KASE: KCEL) Компанияның Директорлар кеңесі 11,678 миллион теңге мөлшерінде 2016 жылдың деңгейіндегі жылдық дивидендті («Дивиденд») немесе бір қарапайым акция үшін 58,39 теңге төлеуге кеңес бергенін жариялайды. Бұл 2017 жылдың 31 желтоқсанында біткен он екі ай («Кезең») үшін …

2017 қаржы жылына дивидендтерді төлеу бойынша ұсыныс Read More »

«Кселл» АҚ жай акциялары KASE индексінің есебін жүргізу үшін өкілеттілік тізіміне енгізілді. «Кселл» АҚ

«Кселл» АҚ (Қазақстан) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KCEL) жай акциялары 2013 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE индексінің есебін жүргізу үшін өкілеттілік тізіміне енгізілді. /KASE, 11.01.13/ –Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекс және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы шешімімен “Кселл” АҚ (Алматы) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KASE ресми тізімінің бірінші санаты, KCEL) жай акциялары 2013 жылдың 01 ақпанынан …

«Кселл» АҚ жай акциялары KASE индексінің есебін жүргізу үшін өкілеттілік тізіміне енгізілді. «Кселл» АҚ Read More »

2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы қаржылық нәтижелер туралы конференц-қоңырау және есеп

Алматы, 6 наурыз 2019 –  «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі Kcell немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, 2019 жылдың 11 наурызында 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы нәтижелері туралы есеп береді.  Kcell компаниясы 2019 жылдың 11 наурызында сағат 11:00-де (UK)/14:00 (Алматы)/17:00-де (Мәскеу) телеконференция ұйымдастырады. Телеконференция ағылшын тілінде өтеді және https://webcasts.eqs.com/kcell20190311 сілтемесі бойынша беріледі.  Ұлыбританиядағы тегін нөмір:Стандартты …

2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы қаржылық нәтижелер туралы конференц-қоңырау және есеп Read More »

Барлық жақсы бірден «Супер Комфорт» тарифінде: минуттарды мегабайттарға ауыстырыңыз және әлеуметтік желілерді т

activ абоненттері үшін жаңа «Супер Комфорт» тарифтік желісі іске қосылды. «Минут, SMS, мегабайт алмасу» және YouTube, WhatsApp, Instagram, Facebook, ВКонтакте және Одноклассники қосымшаларында тарифтеусіз «Қолайлы шектеусіз+» — бұл желінің кейбір тарифтік жоспарлары үшін ыңғайлы қосымша қызметтер. «Супер Комфорт» — ол 4 тарифтік жоспар: «Супер Комфорт XS», «Супер Комфорт S», «Супер Комфорт M», «Супер Комфорт L». Ай сайынғы абоненттік төлем құны …

Барлық жақсы бірден «Супер Комфорт» тарифінде: минуттарды мегабайттарға ауыстырыңыз және әлеуметтік желілерді т Read More »

Қаржылық технологиялар және телекоммуникация: синергияға арналған мүмкіндіктер

1 наурызда Алматыда алтыншы CFO саммиті өтті, онда қаржы нарығының топ-менеджерлері мен басшылары жиналды. «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Каспарс Кукелис «Финтех: экожүйелер күресі» тақырыбындағы пікірсайысқа қатысты. Онда сарапшылар Қазақстандағы қаржылық технологиялар проблемалары, мүмкіндіктері мен шектеулері туралы әңгімеледі. «Қолданыстағы барлық өндірістердің ішінен телекоммуникация қаржылық технологиялар саласына қатысуға және оны дамтуға оңтайлы болып табылады. Себебі ол пайдаланушылармен байланыста болады, …

Қаржылық технологиялар және телекоммуникация: синергияға арналған мүмкіндіктер Read More »

«Кселл» АҚ 16 804 млн. теңге сомасына 3 жылдық облигацияларын KASE-ге орналастырды

Алматы, 1 наурыз 2019 — «Кселл» акционерлік қоғамы («Kcell» немесе «Компания»), LSE, KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, 2019 жылғы 28 ақпан күні Қазақстан қор биржасына (KASE) облигацияларды (KZP01Y03F725, KZ2C00004208, KCELb1) орналастырғандығы туралы хабарлайды, соның аясында номиналды құнынан 16 804 млн. теңге сомасындағы облигациялар 11,5% табыстылықпен инвесторлар арасында орналастырылды. Бұл орналастыру Кселл 2017 жылғы 14 желтоқсанда жариялаған бағдарлама аясындағы екінші …

«Кселл» АҚ 16 804 млн. теңге сомасына 3 жылдық облигацияларын KASE-ге орналастырды Read More »

«Кселл» Ақкөл қаласындағы Қазақстанның барлық әкімдерідің кездесуінде «ақылды қалалық көлік» мүмкіндіктерін көрсетті

«Ақылды қалалар» бойынша кездесу Ақмола облысының Ақкөл қаласында 22 ақпан күні өтті. Оған Қазақстанның барлық облыстары мен қалаларының әкімдері мен әкімдерінің орынбасарлары қатысып, Smart Akkol жобасы аясында қолданылған Smart City концепциясының технологияларымен танысты. Kcell және Қазақтелеком «ақылды қалалық көлік құралдары» мүмкіндігін көрсетті. «Кселл» АҚ бизнес-нарықты дамыту жөніндегі директоры Вадим Людің айтуынша, компания қалалық көліктің негізгі 3 проблемасын — қауіпсіздікті …

«Кселл» Ақкөл қаласындағы Қазақстанның барлық әкімдерідің кездесуінде «ақылды қалалық көлік» мүмкіндіктерін көрсетті Read More »

2018 жылдың қорытындысын жариялау күнін кейінге қалдыру және есепке алу әдістемесінде елеулі бұрмаланулардың ан

Алматы, 6 ақпан 2019 жыл — «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі Kcell немесе компания) (LSE, KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, Компанияның бухгалтерлік есеп әдістемесінде бұдан әрі зерделеуді қажет ететін елеулі бұрмаланулардың анықталғанын хабарлайды. Нәтижесінде Компания қаржылық қорытындыларын қайта қарауы мүмкін. Ықтимал түзетулер Компанияның ақшалай қаражат ағынына әсер етпейді және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептің өзгеруіне әкеп …

2018 жылдың қорытындысын жариялау күнін кейінге қалдыру және есепке алу әдістемесінде елеулі бұрмаланулардың ан Read More »

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-да кредит желісін ашу

Алматы, 5 ақпан 2019 жыл — «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі Kcell немесе компания) (LSE, KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, «Кселл» АҚ-тың айналым қаражатын толтыру, оның ішінде екінші деңгейлі басқа банктерден алынған берешегін қайта қаржыландыру үшін Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-дажылдығы 10,9% мөлшеріндегі сыйақыны төлеумен 12 ай мерзімге 5 млрд. теңге мөлшерінде кредит желісін ашқаны туралы хабарлайды. Ұйымдастырғаны үшін …

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-да кредит желісін ашу Read More »

«Кселл» АҚ облигациялар ұстаушыларына бірінші купондық сыйақыны төледі

Алматы, 2018 жылғы 25 шілде. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL) — Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы оператор, өз акционерлері мен инвесторларының назарына облигациялар ұстаушыларына ҰСН KZP01Y03F725 (ISIN KZ2C00004208, KASE негізгі алаңының ресми тізімі, «Облигациялар» санаты, KCELb1) бірінші купондық сыйақыны төлегендігі туралы ақпаратты жеткізеді. Тізілімді тіркеу күнінде (2018 жылғы 15 шілде) атаулы құны 1000 (бір мың) …

«Кселл» АҚ облигациялар ұстаушыларына бірінші купондық сыйақыны төледі Read More »

Scroll to Top

Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры

Сабигат Маратович Қазақстандық Менеджмент, Экономика және Болжау институтын (ҚМАЭБИ) қаржы мамандығы бойынша үздік бітірді.

Қаржы және инвестициялар, бірігу және сіңіру, қаржы-экономикалық талдау, мәмілелерді құрылымдау және халықаралық портфельдік инвестицияларды басқаруды қоса алғанда, активтер портфелін басқару саласында 13 жылдан астам тәжірибесі бар.

Еңбек жолын 2011 жылы PricewaterhouseCoopers&Advisory (PWC) ЖШС-те бастаған. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да 6 жылдан астам жұмыс істеді, онда инвестициялар және бизнесті қолдау департаментінің директоры лауазымына дейін өсті.

2022 жылдан 2024 жылғы тамызға дейін Румынияның Бухарест қаласындағы International N.V KazMunayGaz Инвестициялар және стратегия тобының директоры болып жұмыс істеді.

Страшенко Кирилл Валерьевич 2004 жылы Алматы Энергетика және Байланыс институтын (АЭБИ), электрбайланыс инженері мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылдан 2016 жылға дейін «Кселл» АҚ-да деректерді беру жүйелерінің инженерінен бастап деректерді беру жүйелері бөлімінің бастығына дейін түрлі қызметтерді атқарды. 2016-2018 жылдар аралығында желі және АТ инфрақұрылымы менеджері қызметін атқарды, сондай-ақ «Кар-Тел» ЖШС-мен бірлескен LTE желісі құрылысының жобалық жетекшісі лауазымына тағайындалды. 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін техникалық директордың орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдан 2022 жылдың мамырына дейін Желіні дамыту менеджері қызметін атқарды. 2019 жылы «Құрметті Байланысшы» мемлекеттік марапатына ие болды.

Басқарма мүшесі, Корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директор

2016 жылы Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде магистратураны бітіріп, Чикаго Университеті жанындағы Booth School of Business-те MBA дәрежесін алды.

Қаржы нарықтарының, корпоративтік қаржының, тәуекелдерді басқарудың, операциялар мен сатып алулардың әртүрлі салаларында 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Өзінің еңбек жолында корпоративтік стратегияларды ойдағыдай әзірлеп, енгізді, компаниялардың қаржылық портфельдерін жақсартты және пайданың өсуіне ықпал ете отырып, операциялық процестерді оңтайландырды.

Даурен Мухамедкалиевич мансабын 2008 жылы Eurasian Capital JSC компаниясында Қазақстанның бағалы қағаздар нарығындағы жетекші брокер позициясынан бастады. 2018 жылы «Кселл» АҚ қаржы директорының орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылдан бастап «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (Астана, Қазақстан) Басқарма Төрағасы орынбасары басшылық позициясында болды.

Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директор

Асқар Серікұлы 2024 жылғы 15 шілдеден бастап «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры, Басқарма Төрағасы лауазымына сайланды.

Алматы энергетика және байланыс институтының «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» мамандығы бойынша түлегі, Манчестер университетінің «Менеджмент және ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистр дәрежесі және «Саид» бизнес-мектебінің ұйымдастырушылық көшбасшылық бойынша дипломы бар.

Өз мансабын «Эйр Қазақстан» әуекомпаниясында байланыс техникасынан бастаған, бірнеше жыл «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-де (Tele2/Altel) инженер болып жұмыс істеген, «HSBC Қазақстан банкінде» жұмыс істеген, онда стратегиямен, бизнес-процестерді трансформациялаумен айналысқан, BI Group еншілес компаниясы «Beintech» ЖШС-те де осындай қызметтермен айналысқан, «Qazkom» АҚ Клиенттік тәжірибені дамыту департаментіне басшылық етті, «Қазақстанның Даму банкінде» жұмыс істеді, онда әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды, елдің Ұлттық Банкінің төлем жүйелерін басқару және дамыту департаменті директорының орынбасары болды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі ретіндегі соңғы лауазымында мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауға, бизнес-процестерді реинжинирингтеуге және деректерді басқаруға жауапты болды.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2024 жылғы 26 қыркүйекте Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Алибек Индыкбаева қаржы және телекоммуникация саласында екі жоғары білімі және 19 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар.

Өзінің мансабын 2005 жылы ақпараттық технологиялар саласында бастаған, кейіннен «KazTransCom» АҚ сияқты ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған, «Altyn Bank» АҚ ІТ бойынша басқарма төрағасының кеңесшісі рөлінде болған.

Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ басқарма мүшесі, сондай-ақ Корпоративтік бизнес бойынша дивизионның Бас директоры позициясында.

2008 жылы Тұран университетін «Қаржы» мамандығы бойынша және 2018 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бітірген.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2024 жылғы 26 қыркүйекте Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Мейрамов Ержан Болатович еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде бастады, Қазақстан Даму Банкінде, «Астана ЭКСПО- 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ, Qazkom, «Fincraft» инвестициялық үйі» АҚ, «Кселл» АҚ-да басшылық қызметтерді атқарды.

2021 жылы ҚР Цифрлық Даму және Аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Ержан Болатович Лондон корольдік колледжін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірді.

14.10.2022 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Сергей Валерьевич «Кселлдің» тәуелсіз директоры және 2025 жылдың 27 мамырында Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 3 жылға сайланды.

Ельцов мырза заң құқығы және корпоративтік басқару саласында айтарлықтай үлкен тәжірибеге ие. 2008 жылдан бастап ол «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «БТА Банк» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ қоса алғанда, бірқатар жетекші қазақстандық компанияларда басшылық қызметтерді атқарды.

2017 жылғы қарашадан 2022 жылға дейінгі кезеңде «Қазақалтын» ТМК» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болды.

Сергей Валерьевич Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «халықаралық заңгер» мамандығы бойынша бітіріп, Алматы экономика және статистика академиясында экономикалық білім алды. 2007 жылы «Компанияларды басқару: ең жаңа технологиялар» MBA Executive education бағдарламасынан өтті.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2025 жылғы 14 қарашада Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Каиров Аскар Жалелович экономика, қаржы және коммуникация саласында 22 жылдан астам тәжірибеге ие.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Халықаралық Бизнес Академиясының Магистр дәрежесі (корпоративтік менеджмент), сондай-ақ Cambridge Regional College-де (Ұлыбритания, 2016 жыл) алған Business and Finance сертификаты бар.

«Транстелеком» АҚ-да, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС, «Самұрық Қазына» АҚ-да басшылық қызметтерін атқарған. 2025 жылдың қыркүйегінде «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес жөніндегі дивизионының бас директоры болып тағайындалды.

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Өтемұрат мырза «Кселлдің» тәуелсіз директоры ретінде 2025 жылдың 27 мамырында Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 3 жылға сайланды.

Өзінің мансабын 2003 жылы Ernst&Young Kazakhstan компаниясында аудит бойынша қызметкер болып бастаған. 2008 жылдан бастап «Қазына» орнықты даму қорында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында, Қазақстанның Даму банкінде, БТА Банкте және басқаларында басшылық орындарда болды.  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясын басқарған.

ҚМЭБИ-ді «Іскерлік әкімшілендіру және бухгалтерлік есеп» (қаржы) мамандығы бойынша үздік бітірген. 2013 жылы ол Лондон бизнес мектебінде (London Business School) Sloan бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алды.

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Миржан Елдесович «Кселлдің» тәуелсіз директоры және 2025 жылдың 27 мамырында Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 3 жылға сайланды.

Қарақұлов мырза әр түрлі жылдары ҚР Ұлттық банкінде, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да басқарма төрағасының тәуекел-менеджмент бағыты бойынша орынбасары болды, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-да Тәуекелдерді басқару департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің тәуелсіз бағалау бөлімшесінің консультанты.

Қарақұлов мырза Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының (ҚМЭБИ) түлегі, «Болашақ» халықаралық президенттік бағдарламасының стипендиаты, Vanderbilt University (АҚШ) экономика саласындағы магистр дәрежесімен үздік бітірді. 2022 жылы Гарвард университетінің Джон Ф.Кеннеди атындағы басқару мектебінде (Harvard Kennedy School) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Диекторлар кеңесінің төрағасы

Артур Викторович Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады және «Кселл» тәуелсіз директоры. 2025 жылғы 27 мамырда Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 3 жылға сайланды.

Неупокоев мырза өзінің телекоммуникация саласындағы мансабын 1994 жылы Алматы қаласындағы Халықаралық қалааралық телефон станциясының өндірістік зертханасының инженері қызметінде бастады. «Қазақтелеком» АҚ-да 20 жылдан астам басқару тәжірибесі бар, онда корпоративтік сатуды дамытумен айналысқан.

2023 жылдың шілдесінен бастап «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде кіреді.

Артур Викторович Қазақ политехникалық институтын «Металлургия процестерінің физика-химиялық зерттеулері» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Қазақстан Республикасының «Үздік байланысшы» салалық құрметті марапатымен марапатталған.

Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор

Затилда Керей Жұмабекұлы Алматы энергетика және байланыс университетін екі мамандық бойынша бітірді: «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» және «Байланыс кәсіпорнындағы экономика және менеджмент», тиісінше «Электр байланысы инженері» және «Инженер-экономист» біліктіліктеріне ие болды.

Еңбек жолын 2004 жылы «Кселл» АҚ-да бастады, онда 17 жыл ішінде инженерден аймақтық техникалық департаменттердің басшысына дейін көтерілді. Қазақстанның түрлі өңірлерінде жұмыс істей отырып, ол телекоммуникациялық желілерді, соның ішінде 2G, 3G, 4G және WIMAX технологияларын пайдалану мен дамыту саласында бай тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ, радио желілерін жоспарлауда, мердігерлік ұйымдарды басқаруда және техникалық командаларға басшылық жасауда айтарлықтай тәжірибесі болды.

2021-2023 жылдар аралығында «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасының орынбасары - техникалық директоры қызметін атқарды. Осы позицияда ол телерадио хабарларын тарату желілерін дамыту жөніндегі стратегияларды іске асыруға, инновациялық технологияларды енгізуге және мемлекеттік жобаларды орындауға жетекшілік етті.

2023 жылдың маусым айында Затилда Керей Жұмабекұлы «Мемлекеттік Радиожиілік қызметі» РММ бас директорының орынбасары болып тағайындалды. Осы лауазымында ол радиожиілік спектрінің мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастырды, радиоэлектрондық құралдарды пайдаланудағы бұзушылықтарды анықтады және байланыс сапасын талдаумен айналысты.

Затилда Керей Жұмабекұлының еңбек өтілі 20 жыл, оның ішінде 15 жылдан астам басшылық қызметте болды. Осы уақыт ішінде ол күрделі техникалық жобаларды іске асыруға және елдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын жаңартуға елеулі үлес қосты.

Байланыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген байланысшысы» құрметті атағымен марапатталды.

Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор

Қазбек Бекжанович коммерциялық секторда 27 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде 23 жылы басшылық қызметте болды. Оның кәсіби жолы бірнеше саланы қамтиды: FMCG және бөлшек сауда саласында 10 жыл, телекоммуникация саласында 14 жыл және дағдарыс-менеджментке маманданған консультациялық бизнесте 3 жыл.

Шаимов мырза С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің түлегі. «Кселл» компаниясындағы мансабы 2008 жылы Бөлшек сауда бөлімі басшысының позициясынан басталды. Компанияның Семей, Ақтөбе және Астанада филиалдарын басқарған. Оның тәжірибесі бөлшек және бизнес-сегменттер үшін жаңа өнімдерді табысты іске қосуды, сондай-ақ сату процестерін оңтайландыруды және шалғайдағы да, сондай-ақ оффайн-арналарда да клиенттерге қызмет көрсетуді жақсартуды қамтиды.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер KC Holding Ltd-нің өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2023 жылғы 29 қарашада Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Керейбаев мырзаның ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар, экономикалық талдау және жоспарлау, қаржы салаларында үлкен тәжірибесі бар.

2018-2021 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

2021 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да модернизация бағдарламасы бойынша басқарушы директор болып жұмысқа ауысып, кейін көмекші функцияларды дамыту жөніндегі директор болып тағайындалды.

Керейбаев Даурен Жумагалиевич Новосібір Мемлекеттік Университетін механика және қолданбалы математика мамандығы бойынша (1992) және Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын қаржы және кредит мамандығы бойынша (1998) бітірген.

2018 жылы The University of Chicago Booth-да (АҚШ) Executive MBA бағдарламасы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Еңбек сіңірген қаржы маманы» қоғамдық орденімен марапатталған.

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

2023 жылдың 29 қарашасынан бастап «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында.

Жамалов мырза қаржы саласында, оның ішінде «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ,  ING Bank N.V. Лондон кеңсесінде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде, сондай-ақ Қазақстандағы ING Bank N.V. өкілдігінде қомақты тәжірибеге ие.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Орталық Азиядағы Mastercard Бас директоры қызметіне тағайындалды, сондай-ақ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Bolashaq Investments» тәуелсіз директоры; «Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры; «Отбасы банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры; Директорлар кеңесінің мүшесі, «Jusan Invest» АҚ тәуелсіз директоры ретінде тағайындалған. Телекоммуникация саласына 2014 жылы «Қазақтелеком» АҚ жобалық қаржыландыру департаментінің бас менеджері лауазымына келді, сондай-ақ «KazSatNet» ұлттық компаниясы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болды.

Жамалов мырзаның Кембридж Университетінің (Ұлыбритания) Executive MBA дәрежесі, Ньюкасл Университетінің (Ұлыбритания) халықаралық қаржылық талдау бойынша магистр дәрежесі және Карл Университетінің (Чех Республикасы) қаржылық математика бакалавры дәрежесі бар. Беделді CFA қаржылық сертификатына және Institute of Directors (Ұлыбритания) берген тәуелсіз директордың (Certificate in Company Direction) сертификатына ие.

Тәуелсіз директор

2024 жылдың 28 мамырынан бастап «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында.

Абдуалиев мырзаның TASKRABBIT, INC. стратегия және даму жөніндегі басшы позициясында, MCKINSEY&COMPANY аға консультант позициясында шетелде, сондай-ақ «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ-да Басқарма төрағасының орынбасары ретінде табысты тәжірибесі бар.

Қазіргі уақытта Кремний алқабында (Пало Альто, АҚШ) орналасқан Silkroad Innovation Hub-тың негізін қалаушы және бас директоры.

Абдуалиев мырзаның Кеннеди Гарвард мектебінің мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі және Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебінің іскерлік әкімшілендіру және менеджмент саласындағы ғылым магистрі дәрежесі бар.

Абдуалиев мырза сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директоры және American University of Central Asia, «Best for Kids» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып табылады.

2020 жылғы 15 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор.

Калмис мырза дамушы нарықтарға ерекше назар аудара отырып, телекоммуникация және көтерме-бөлшек сауда саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие. 2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың маусымына дейін ол Metro Cash & Carry ресейлік бөлімшесінің бас директоры болды. Бұған дейін Калмис мырза телекоммуникация секторында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде Ресей Tele2 бас директоры, WorldTelecomunicazioni басқарушы директоры, «VEON» ААҚ Мәскеу кеңсесінің басқарушы директоры қызметтерін атқарды. Калмис мырза Бэйтс университетінің (Мэн штаты, АҚШ) саясаттану және экономика саласында бакалавр дәрежесіне ие, сондай-ақ Уортон бизнес-мектебінің (Wharton School of Business) басшы кадрларын даярлау бағдарламасынан өткен.

2019 жылғы 25 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Диекторлар кеңесінің төрағасы.

Буянов мырза сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директоры және Bengala Investments директоры. 2002-2014 жылдар аралығында ол аға вице-президент және бас қаржы директоры қызметін атқарды, сондай-ақ акциялары Лондон қор биржасында бағаланатын инвестициялық қор - «Система» ААҚ Басқармасының құрамына кірді.
2014 жылдан 2016 жылға дейін Redline Capital Management S.A. инвестициялық комитетінің басқарушы директоры және басшысы болды. Буянов мырза Мәскеу физика-техникалық институтын (MFTI) «қолданбалы физика және математика» мамандығы бойынша аяқтаған, сондай-ақ Оксфорд университетінің Саид бизнес мектебінің (Said Business School) Oxford Fintech Programme түлегі болып табылады.